Әміров Әбдібек Жетпісұлы Қазақ терминологиясы


Меңгеріле байланысқан тіркесті терминдер



бет24/25
Дата10.03.2023
өлшемі212,85 Kb.
#171684
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
treatise64286

Меңгеріле байланысқан тіркесті терминдер:
Етістіктермен меңгеріле байланысып, әр түрлі қарым-қатынаста жұмсалатын сөздер – есімдер.
Есімдер етістікке қатысты болып меңгеріле байланысу үшін табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде айтылады. Бұл жалғаулар – есімдерді етістіктермен ұластырушы ғана емес сөздердің синтаксистік қызметтерін саралайтын да тұлғалар [100,89-90]. Сондықтан меңгерудің етістікті сөз тіркесін құрауда мәні ерекше. Мысалы, республика үшін осы жылдың алғашқы үш айы нарықтық қатынастарға көшуді батыл түрде жеделдету және бағаны ырықтандырудың бастапқы кезеңін жүзеге асыру белгісімен өтті (Е.Қ.1992. №87. 14 сәуір, -1б). Олардың қорларын қалпына келтіру үшін 350 мың доллар қаржы және 4-5 жыл уақыт керек екен (Е.Қ.2000. №18. 20 қаңтар, -2б).
Сөз соңында айтарымыз сөздің тіркесуі арқылы жасалған терминдер соңғы жылдардағы (1990-2000) баспасөз беттерінде үлкен орын алады және олар әлі де жасалып қолданысқа түсе береді. Әйтсе де тілдің қашан да ауырдан жеңілге, күрделіден қарапайымға бейімделіп отыратынын ескерер болсақ, онда тіркесті терминдер де баспасөз беттерінде жиі қолданылуының нәтижесінде нақтылана, ықшамдала түсері анық.
Жалпы сөз тіркесі терминдері басқа да күрделі сөздер тәрізді алғашында жай синтаксистік тіркестерден туып қалыптасқан және олардың көпшілігі біріккен сөздер қатарына да ауысып отырғаны белгілі. Мәселен, тілімізде қолданылып жүрген асқазан, өнеркәсіп сияқты сөздер бастапқы жай тіркестердегі сөздердің бір-бірімен бірігіп бір сөзге айналуынан пайда болған. Бұл арадан сөздердің мағыналық бірыңғайлығы негізінде тілдің жоғарыда айтқандай қысқаруға ұмытылуынын нәтижесін көреміз.
ҚОРЫТЫНДЫ

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге таныла бастаған соңғы он шақты жылдан бері термин жасау және қалыптастыру ісіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Өйткені, 1990 жылдардан басталған қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени өзгерістер терминология мәселесіне ұлттық мүдде тұрғысынан жаңаша қарауды талап етті.


Ұлттық терминологиямызды іргелі ғылым ретінде қалыптастыру барысында белді ғалымдарымыздың көлемді мақалалары негізінен «Ана тілі», «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің беттерінен жиі көзге түседі. Ал ондай мақалалардағы ой-пікірлер тек науқандық деңгейдегі атүсті ойлар емес, терең тұжырымды, жүйелі ғылыми деңгейде жазылған құнды еңбектер десек қателеспеген болар едік. Сан қырлы, сан салалы көкейкесті сұрақтарға жауап іздеген мақалалардың өз оқырманына жетуіне алтын арқау болып отырған қазақ баспасөзі екендігін баса айтуымыз керек.
Зерттеу еңбегіміздің барысында жоғарыда келтірілген газет беттерінде жарияланып, көпшілікке ұсынылған мақалалар авторларының терминология жайлы айтқан пікірлеріне талдау жасадық. Солардың ішінде шоқтығы биік өзекті мәселелерді теориялық тұрғыдан жүйелі түрде жіктеп берген мақала авторлары Ә.Қайдар, Ә.Қарағұлұлы, Р.Сыздықова, Ө.Айтбаев, Б.Қалиев т.б сынды ғалымдар еді.
Сондай-ақ терминология мәселесімен түрлі ғылым саласында қызмет істеп жүрген ғалымдардың да терминологияға байланысты сан қырлы ойларын көпшілікке баспасөз арқылы бөлісіп отыруы құптарлық жай болмақ.
Қазақ терминологиясын қалыптастыруда ғалымдар пікірі: Барлық халықаралық терминдерді сол күйінде қабылдасақ тіл шұбарлығына ұрынамыз, ұлттық ғылымымыздың тілін қазақ тілінде өркендете алмаймыз. Ал халықаралық терминдерді сол күйінде қабылдамай, қазақыландырсақ, өзіміздің дыбыстық ерекшеліктерімізге бейімдесек, тіліміздің тарапынан балама тапсақ, онда әлем халықтарына ортақ мұрадан, яғни ғылымнан, ондағы жаңалықтардан қол үзіп, сырттап қалмаймыз ба деген мәселе төңірегінде екіұдайлық танытып отыр.
Бұл әлі өзіндік, шешімін таппаған күрделі мәселе, қалай болғанда да осы екі түрлі бағыттағы тұжырымды бір арнаға салу керектігі күн санап арта түсуде. Себебі, тілімізде басқа тіл есебінен еніп отырған жаңа сөздердің, терминдердің легі бұрын-соңды мұндай көп мөлшерде болып көрген емес. Қазір қалай қабылдасақ келешек ұрпақ та сол қалпында шешім шығарып, тиімді ереже қабылдауы терминология ғылымындағы аталмыш мәселелерді шешуге орасан зор үлес қоспақ.
Баспасөздің терминдерді қалыптастырудағы жалпы рөлін көрсету үшін қазақ тіліндегі газеттердің ішінде таралымы ең көп республикалық негізгі үш газетті, атап айтқанда «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» және«Қазақ әдебиеті» газеттерін нысанамыз етіп алдық.
Зеттеу нысанымыз болып отырған бұл үш газеттің термин қалыптасыру үдерісіндегі орны, олардың көпшілік назарына ұсынылып талқыға түскен терминдер жайлы неғұрлым толық мағлұмат алу үшін біз осы газеттердегі жиі жарияланған, ғалымдар тарапынан да қызу пікірталас нысанына айналған бірқатар терминдерге тоқталдық.
Олар негізінен қоғамдық-саяси және заң, құқық т.б саланы қамтиды.
Олардың ішінде әр газетті қамтитын терминдердің тиесілі болатын саласына байланысты көрінетін ерекшелігіне келетін болсақ, «Ана тілі» және «Қазақ әдебиеті» газеттерінде іс жүргізу, педагогика терминдері, ал «Егемен Қазақстанда» қоғамдық-саяси, экономикалық, әскери т.б терминдер болып келеді.
Баспасөз беттерінде халықаралық мәні бар терминдік сөздерге балама табу мақсатында қазақ тілінің ішкі қорындағы мүмкіндіктер пайдаланып, көптеген терминдердің қазақша баламалары қалыптасты.
Газет беттерінде сәтті жасалып бірден қолданысқа еніп кеткен терминдермен қатар дұрыс алынбаған не жарыспалы терминдердің де бар екені анықталды.
Мәселен, осы жылдар арасында «Семья» сөзінің баламасы ретінде алынған «отбасы» терминімен қатар «жанұя», «түтін», «шаңырақ», «үйелмен» сияқты сөздердің; «право» сөзінің орнына алынған «құқық» сөзімен бірге хұқық, құқы, қақы сөздерінің «микрорайон» деген сөзге алынған «шағынудан» атауымен қатар «кішіаудан», «мөлтекаудан», «ықшамаудан» сөздерінің; «рынок» сөзінің орнына «нарық», «базар» атауларының; «председатель» сөзіне балама ретінде бекітілген «төраға» терминімен бірге «төрайым», «төрапа» сөздерінің және тағы басқа осындай баламаларының жарыса қолданылғаны байқалады.
Сондай-ақ газет беттеріндегі кейбір терминдердің терминком ресми түрде бекітіп берген қазақша баламалары бола тұрса да тұрақты қолданылмай, олардың бұрынғы шет тіліндегі нұсқалары да жарыса қолданылған.
Мұндай терминдер қатарына сынып (класс), көлік (транспорт), шығармашылық (творчество), түйін (резюме), мәтін (текст) т.б жатқызуға болады.
Баспасөз беттерінде осындай жарыспа сөздердің орын алмауы үшін мемтерминкомның ресми түрде бекітіп берген терминдерін ғана қолданғанымыз дұрыс. Ал олай болмаған жағдайда терминологиядағы жүйеліліктің бұзылары сөзсіз деп есептейміз.
Біз газет беттеріндегі терминдерді жасалу тәсіліне қарай топтастырдық.
Қазақ тіл білімінде қалыптасқан негізгі дәстүр бойынша терминдердің жасалуының семантикалық және сөзжасамдық тәсілін бөліп көрсеттік. Оның ішінде түбір терминдерді олардың жалпы әдеби қолданыстағы мағынасынан терминге ауысуына немесе терминденуі барысында мағынаның тарылуы не кеңеюіне қатысты негізінен семантикалық терминдер ретінде қарастырсақ, сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған терминдердің өзін туынды және күрделі деп, ал күрделінің өзін біріккен терминдер, қысқарған терминдер және сөз тіркесінен жасалған терминдер деп қарастырдық.
Жұмыста біз терминдерді шығу тегіне қарай тілдік қабаттарға бөліп көрсетпедік. Басқа тілден енген терминдердің өзі түбір сөздерге қатысты болғандықтан біз олардың төл немесе кірме тілдік сипатын семантикалық тәсіл арқылы жасалған терминдерді қарастырғанда қоса көрсетуді жөн санадық.
Жалпы газет беттеріндегі қалыптасқан терминдерге шолу терминдердің жасалу тәсілдерінің ішінде семантикалық тәсілдің де өзіндік орны бар екендігін көрсетті.
Ұлт тілінде терминжасауда басқа да тәсілдер сияқты қосымшалар арқылы терминжасау тәсілінің де өзіндік алар орны айрықша. Тілімізге қосымшалар арқылы көптеген терминдердің (айырым, апталық, белсенділік, есімнама, дәрісхан, демеуші, жарнама, нұсқау, жекешелендіру т.б) қалыптасып, қолданысқа енуі осының айғағы.
Дегенмен қосымшалардың ұлт тілінде термин жасаудағы белсенділік деңгейі бірдей дәреже емес.
Себебі, қоғам дамуы, қоғамдағы болып жатқан түбегейлі өзгерістер, жаңалықтар, қосымшалардың да атқаратын қызметіне өз әсерін тигізбей қоймайтыны даусыз.
Мәселен, ұлт тілінде термин жасауда кезінде белсенділігі төмен делініп келген біршама жұрнақтардың бүгінгі күні белсенділігі артып отырғаны көрінсе, бұрын белсенділік танытып келген екінші бір қосымшалар жаңа сөз жасауда өнімсіздік танытып отыр. Ал кейбір қосымшалардың термин жасаудағы белсенділігі барлық уақытта бір деңгейде. Сондықтан біз термин жасайтын қосымшалардың терминжасам деңгейіне қарай өнімді, өнімсіз түрлері деп бөліп көрсеттік.
Соңғы онжылдықта жасалып, қолданысқа ене бастаған жаңа терминдер мен мен сөздерді тудыруда белсенділік танытып жүрген жұрнақтар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет