Әміров Әбдібек Жетпісұлы Қазақ терминологиясы



бет22/25
Дата10.03.2023
өлшемі212,85 Kb.
#171684
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
treatise64286

Ұлтаралық татулық пен әлеуметтік келісімді сақтай отырып, біз қираудың аса қатал дағдарысын айналып өте алдық, адамзат өркениетінің жолымен өз дамуымыздың мақсаттары мен бағдарламасын айқындадық (Қ.Ә.1998. №2.13 қаңтар, -2б). Саясаттан гөрі күнделікті тұрмыстың ауыртпалығын тартып, болашаққа сенімнен гөрі, түңілуі басым халықтық ұлтаралық араздыққа, сепаратизмге жақын екенінде ескерген жөн (Е.Қ.2000. №6-7. 7 қаңтар, -2б).
Бұл мысалдардағы тіркестердің компоненттері бір-бірімен анықтауыштық қатынаста қабыса байланысады да, сөз таптары жағынан сын есім-зат есім болып келеді. Сондай-ақ қабыса байланысудың бұл түріндегі тіркес құрамындағы сөздер байырғы сөздер де, кірме сөздер де бола береді. Мәселен, жоғарыда мысалда келтірілген әкімшілік акт, нарықтық экономика дегенде бағыныңқы сөзі, ал депутаттық кеңес, Президенттік кеңес тәрізді тіркестердің басыңқы сөздері байырғы сөздер. Мұндай байырғы сөздердің қазіргі уақытта мағынасы жаңара келе көптеген тіркестердің жасалуына негіз болып жүргені мәлім.
Сөз тіркесінің бағынынқы сыңарына –ғы,-гі,-қы,-кі жұрнақтары жалғана отырып басыңқы сыңармен қабыса байланысудың негізінде де газет беттерінде жаңа тіркесті терминдер қолданысқа түсіп жүр: Ақырғы жылдамдық, бастапқы баға, бастапқы күй, Жоғарғы кеңес, кәдімгі сәуле, қосалқы мердігер, қорытқы жылдамдық, негізгі бірлік, ішкі үйкеліс т.б. Мысалы, Жоғарғы кеңес өзінің қарап жатқан сүбелі мәселелерінің бірі ретінде азаматтардың жинақ кассаларындағы ақшаларының айналымдық құнын бұрынғы деңгейге жетеқабыл дәрежеге көтеруді қолға алғаны орынды болар еді (Қ.Ә.1993. №14. 2 көкек, -1б). Жекешелендірілетін әр нысан бойынша сауда саттық аукционшының сатылатын нысанды, нысанның қысқаша сипаттамасын, сауда-саттық өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағаны өзгерту қадамын жариялауымен басталады (Е.Қ. 1999. №308. 6 желтоқсан, -3 б).
1990-2000 жылдар аралығындағы газет беттерінде –и тұлғалы қатыстық сын есімдердің де тіркесу қаблеттілігі арта бастағанын аңғару қиын емес.
-И қосымшалы қатыстық сын есімдер зат есіммен тіркесе келе қабыса байланысады: әскери ант, табиғи монополия, рухани қазына т.б. Ана тіліміз – әдет-ғұрып, салт-сана, діни, рухани қазынамызбен, жалпы ұлттық мәдениетімізбен үндестігі бір-біріне арқа сүйеп жатқан бөлінбес бүтін бір дүние, яғни тілге үлкен ықпал жасаушы, суғарып, нәр беріп тұрған орта (А.т.1999. №37. 11 қараша, -5б). Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министерлігінің, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекені қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің, Туризм және спорт жөніндегі агенттіктің, Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің қызметіне жетекшілік етеді (Е.Қ.1998. №232.19 қазан, -1б).
Қабыса байланысқан мұндай сөз тіркестерінің баспасөз беттерінде қолданылуы негізінен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан басталады. Яғни, қабыса байланысқан сөз тіркестерінің бұл түрін алғаш қолданыла бастаған «Айқап» журналы болатын. Ал ХІХ ғасырдың аяқ шеніндегі қазақ даласында дүниеге келе бастаған ұлттық баспасөзіміздің алғашқы қарлығаштары – «Түркістан уәлаяты газеті» мен «Дала уәлаяты газеттерінде» – и тұлғалы сөздер арқылы берілетін орыс тіліндегі қатыстық сын есімдер сол күйінде қолданылған (военный-уайанный) не болмаса дәл баламасы берілмей, жалпы мағынасы аңғарылатын сөздермен ауыстырылған (научный-оқу-білім) т.б.
Сондай-ақ кейінгі кездегі баспасөз беттерінде сөз тіркесінің бағынынқы сыңары атау тұлғалы етістік болып келіп, басыңқы сыңары тәуелдік жалғауында түрып қабыса байланысқан тіркесті терминдердің қолданысқа түсіп жүргендігін айта кеткен жөн. Мұндай тіркесті терминдерге көтерілу уақыты, кіру қарашығы, қабылдау бөлмесі, тексеру актісі, тапсыру-қабылдау актісі т.б. жатқызуға болады. Ертеңіне Аманиязовтың қабылдау бөлмесіне телефон соғып, оны сұрап тыңдаған адам «сіз кім боласыз, ол кісі сізге неге керек, онда қандай шаруаныз бар» -деп мені қыспақтың астына алды. (Қ.Ә.1997. №21. 27 мамыр, -13б). Алайда, сонымен бірге олардың тексеру актілерін жазуға, тіпті айып салуға және кәсіпкер құрылымдарға экономикалық санкциялар беруге құқықтары бар (Е.Қ.1999. №201. 7 қыркүйек, -2б).
Баспасөз беттерінде есімшелердің зат есіммен қабыса байланысып, анықтауыштық сөз тіркестерін құрастыруға қатысуы да байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет