Айнымалы ток электромагниті?
Магнитті қосқыштар - айнымалы және тұрақты токтағы электрлік жүктеулерді коммутациялауға арналған құрылғыларды айтады. Жалпыөндіріске арналған электрмагнитті қосқыш – қысқа тұйықталған ротормен асинхронды қозғалтқышты қашықтықтан басқаруға арналған коммутациялық электрлік аппарат. Магнитті қосқыш жиынтығына әдетте бір немесе екі түйістіргіш, батырмалы пост, қозғалтқышты ұзақ уақыт бойы шектен тыс жүктеуден қорғауға арналған жылу релесі кіреді. Реверсивті МҚ-да екі түйістіргіштің қосылуының алдын алатын электрлік және механикалық блоктау қолданылады. Асинхронды электр қозғалтқыштардан жұмыс жасау негізінен қосқыштардың тозуға төзімділігі, коммутациялық қабілеті, шектен тыс жүктеуден қорғау сенімділігі сияқты қасиеттеріне байланысты болады.
Контактілердің дірілі және онымен күресудің әдістері?
Контактілердің дірілі (секіру) – стационарлық контакт жүйесінің серпімді деформациясы (0,01-0,1 мм) салдарынан жылжымалы контакті жүйесінің кезеңді лақтырылуы және кейіннен жабылуы. Процесс демпферлік амплитудамен жүреді.
Вакуумды ажыратқыштар, негізгі параметрлері және сипаттамалары?
Вакуумды ажыратқыштар, негізгі параметрлері және сипаттамалары.
Вакуумдық ажыратқыш – жоғары кернеулі ажыратқыш, бұл жерде вакуум электр доғасын сөндіру қызметін атқарады.
Негізгі параметрлері:
~Ең жоғарғы жұмыс кернеуі
~номинал тогы
~номиналды ажырату тогы
~термиялық төзімділік тоғы
Айырғыштар. Тағайындамасы, құрылысы, және оларға қойылатын талаптар, таңдау шарттары.
Резисторлар, Реостаттар, реостаттардың түрлері, таңдау шарттары.
Резистор— электр тізбегінің әртүрлі тармақтарындағы ток күшін, не кернеуді шектеу немесе реттеу үшін қолданылатын құрылғы.
Реостат – электр желісіндегі кернеуді немесе токты тежейтін және реттейтін электр құрылғысы. Қолданылуына қарай іске қосу, реттеу, жүктеме және қоздыру реостаты болып; өткізгіш элементтің материалына сәйкес металдық, сұйықтық және көмірлі реостат болып бөлінеді.
Реостатты таңдау үшін қозғалтқыш қуатын, іске қосу жағдайларын және жүктеме түрін (толық немесе жарты қуатта іске қосу, желдеткіш жүктеме түрі) және қозғалтқыштың қоректену кернеуін білу қажет.