Йодтың сапалық реакциясын орындаңыз. Йод химиялық белсенді элемент, ол металдармен әрекеттесіп, йодидтер түзеді: 2 Na+I₂=>2 Na. I Йод пен алюминий ұнтақтарының қоспасына катализатор ретінде су тамызса, реакция қопарылыс түрінде жүреді: 2 Аl+3 I₂=>2 Al. I₃ Йодтың тотықтырғыш қасиеті бром және хлорға қарағанда төмендеу. Оның қосылыстарына концентрациялы күкірт қышқылымен әсер еткенде йод тотықсыздандырғыш болып, өзі тотығады: 2 H₂SO₄+2 Na. I=I₂+Na₂SO₄+SO₂+2 H₂OБос йодқа тән сапалық реакция-крахмалды көгертуі. Бұл реакция үшін йодтың сұйық ерітіндісін алған жөн. Йод сутекпен йодсутек түзеді: 2 Н₂+I₂=2 НI Йодсутек суда жақсы еритің, өткір иісті, түссіз газ. Оны фосфор трииодидін сумен әрекеттестіріп алуға болады: РІ₃+3 Н₂О=3 НІ+Н₃PO₃ Йодтың оттекті қосылыстарынан маңыздылары- йодтылау қышқылы НІО, йод(V) оксиді І₂O₅, йодтау қышқыл НІО₃ және йод қышқылы НІО₄. Жақсы зерттеліп, зертханада қолдау тапқаны йод қышқылының тұздары - периодаттар.
Егер дивинилдің шығуының массалық үлесі теориялық шығымның 75%-ін құрайтын болса, 150 г этил спитінен алынатын дивинилдің массасын есептеңіз емтихан билеті №18 Менделеевтің периодтық жүйесінің жетінші тобы. Йод, медицинада қолдану, йод препараттарын талдау әдістері қандай? Галогендер VIIA топшада орналасқан, олар: фтор F, хлор Сl, бром Вr, йод I, астат At. Галогендердің тотықтырғыштық қасиеттері топ бойынша жоғарыдан төмен қарай кемиді, себебі атом радиустары артқандықтан ядроның электрон тарту күші азаяды. Галогендер типтік бейметалдар, себебі олардың сыртқы валенттілік қабаттарының толысуына бір ғана электрон жетіспейді, оны қосқанда тотықтырғыштық қасиет көрсетіп, өзінен кейін тұрған бекзат газдардың электрондық кұрылысын алады.
Йод - металдық жылтыры бар күлгін түсті қатты зат, суда өте нашар ериді, ал органикалық еріткіштер мен калий иодидінде жақсы ериді. Йодтың тағы бір өзіне тән ерекшелігі оны қыздырғанда ол сұйық күйіне айналмай бірден бу (күлгін түсті) күйіне көшеді, осы құбылысты возгонка деп атайды. Сипаттамасы;Қою-қоңыр түсті, иіссіз немесе йодтың әлсіз иісі бар қою сұйықтық.Фармакотерапиялық тобы:Антисептиктер және залалсыздандырғыш препараттар. Йод препараттары.АТЖ коды Д08AG02.
Қолданылуы: Хирургтың қолын операцияға дейін және кейін өңдеу үшін.
Емделушінің терісін операцияға дейін дейін және кейін өңдеу үшін.
Ауыз қуысының және жұтқыншақтың қабыну және жұқпалы ауруларына қолданады.
Хирургияда тыныс алу жолдарына және ауыз қуысына операция жасар алдында
Химиотерапеада пайда болатын ауыз қуысы мен жұтқыншақ жұқпаларын емдеу кезінде
Йодтың жеткіліксіздігінің (йод тапшылығы) басқа салдары да ауыр. Йодтың жетіспеушілігі және оның төмен деңгейлері Қалқанша безінің гормоны әйелдердің овуляцияны тоқтатып, бедеулікке әкелуі мүмкін. Йодтың жетіспеушілігі қалқанша безінің аутоиммундық ауруына да әкелуі мүмкін және қалқанша безінің қатерлі ісігінің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.