Емтихан билеті №1



бет56/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары

Емтихан билеті №21


Қазан лингвистикалық мектебі (орыс. Казанскаялингвистическая школа) — 19 ғ. 2-жартысындағы орыс тіл білімінің бір бағыты. Қазан лингвистикалық мектебінің өкілдері И. А. Бодуэн де Куртенэ, оның шәкіртері Н. В. Крушевский, В. А. Богородицкий, А. И. Анастасиев, А. И. Александров, Н. С. Кукуранов, П. В. Владимиров т.б. 1873 — 1883 жылдары Қазанда қызмет етті. В. В. Радлов, С. К. Булич, К. Ю. Аппель де осы мектепке жатады Қазан лингвистикалық мектебі өкілдері (Бодуэн де Куртенэ) тіл жүйесін қортындылаушы конструкция деп қарады. Оның тұтастығын сөздің фонетикалық және морфологиялық құрылымын және сөйлемнің морфологиялық құрылымын зерттеу арқылы ашуға болады деп есептеді. Қазан лингвистикалық мектебі өкілдерінде тілге тарихи көзқарас айқын байқалады. Бодуэн де Куртенэтілдің дамуы мен тарихын ажыратып қараған. 19 ғ. 80 жж. ол статика—динамика—тарихтан тұратын үш таған (триада) идеясын ұсынған. Ол бойынша тілдің статикасы мен динамикасы тарихтың көмегі арқылы түсіндіріледі. Крушевский сөз әлемі мен ұғым әлемінің сәйкестігін тіл дамуының негізгі заңы деп есептейді. Ол үндіеуропа тілдерінің даму процесінде түбірдегі суффикс пен жалғаудың шекарасы тұрақсызданғанын атап көрсетеді. Богородицкий сөздердің морфологиялық өзгерістерге түскен түрлерін (ұксатылуы, бір-бірінен ажыратылуы, қайта жіктелуі) анықтады. Бодуэн де Куртенэ славян тілдерінің екі кұрылымдық белгісіне (дауыстылардың созылмалылығы/қысқалығы және екпіннің қызметі) қарап, олардың типологиялық классификациясының негізін салды. Сонымен бірге ол үндіеуропа және Орал — Алтай тілдерінің морфологиялық типологиясын зерттеді. Жалпы алғанда, Қазан лингвистикалықмектебі психологизм мен сөйлеудің индивидуалдық түріне мән берді де, ал тілдің әлеуметтік аспектілеріне жете көңіл бөлмеді.2.Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан құрастырып, сипаттама беретін тіл білімі бар да, оны /тілді/ шығуы мен тарих бойында дмуы тұрғысына зерттейтін тіл білімі бар.Алдындағы сипттама тарихи тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика, соңғысы тарихи тіл білімі немесе диахрниялық лингвистика деп аталады.Жеке бір тілдің жүйесімен құрылысын және оның даму заңдарын зерттеп айқындайтын жеке тіл білімі бар деп, ғылым ретінде тіл білімінің теориясы болып саналатын жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі туралы немесе оның дамуының жалпы заңдары туралы емес, қатынас құралы ретінде қаралатын адам баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Демек, жалпы тіл білімі мен жалқы /жеке, нақты/ тіл білімі бір емес. Алайда, бұл екуінің /жалпы т.б мен т.б/ арасында өзара байланыс пен қарым қатнас әрқашан сақталады.
Тіл білімінің жалпы теориялық саласы болып саналатын жалпы тіл білімі, әдетте, бір тілдің емес, көптеген тілдердің деректерін есепке алады, оларды /тілдерді/ ғылыми тұрғыдан зертеудің нәтижелерін сүйеніш етеді. Және осылардың бәрән жинақтай келіп, жалпы теориялық топшылаулар мен қорытындылар жасайды.


3. Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл білімінде олардың ішіндегі ең елеулісі ретінде екі түрлі факторға ерекше мән береді: оның бірі — сыртқы фактор, екіншісі — ішкі — фактор деп аталады. Егер тілдегі белгілі бір өзгерістің пайда болуына түрткі, себепші болған жағдайлар тілдің өзіне, өз жүйесіне тән, өзінің ішкі ерекшелігінен туған заңдылығы болса, ол ішкі себеп болады да, тілдің өз заңдылығынан болмай, одан тысқары, тілді қоршаған әлемнен, ортадан туған түрткі болса, ол сыртқы себеп болады. Сыртқы факторға тілді қоршаған ортадан болатын алуан түрлі себептердің жиынтығы, өзгеден бұрын, қоғамның тарихи дамуына, тілдік коллективтің қоныс аударуларына, миграцияға, бірігуімен ыдырауына, қатынас жасау формасының өзгеруіне, мәдениет пен техникадағы прогреске байланысты себептер жатса, ішкі факторға тілдің өмір сүріп түрған жүйесін жетілдіре беру мақсатынан туған себептер жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет