Емтихан билеті №1



бет1/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3

Емтихан билеті №1
Жалпы тіл білімі» - ғылыми пән. Ол тіл білімінің жалпы теориясын қарастырады. Бұл пәннің негізгі мақсаты-студенттерді негізгі тілдік теорияларымен қаруландыру. 
Әрбір ғылымның, пәннің зерттейтін, тексеретін өз нысаны болады.Мысалы, ботаника ғылымы-өсімдіктер дүниесін, география-жерді зерттейді.Дәл осы сияқты тіл білімінің де өзіндік нысаны бар.Ол нысан-адам баласының дыбыс (сөйлеу) тілі.
Дыбыс тілі - қыры да,сыры да көп сан салалы құбылыс.Айталық, дыбыс тілінің құрылысы қандай? Ол қандай элементтерден тұрады? Дыбыс тілі қандай қызмет атқарады? Дыбыс тілінің өмірі, атқаратын қызметі нелерге байланысты? Ол қандай ішкі-сыртқы әсерлердің, себептердің нәтижесінде өзгерістерге ұшырайды? Дүние жүзіндегі барлық тілдерге ортақ жалпы мәселелер бар ма? Бар болса, олар қандай мәселелер? Дүние жүзі тілдерінің бір-бірінен нендей айырмашылықтары бар? Міне, «Жалпы тіл білімі» пәнінің шешуге тиісті өзекті мәселелері-осылар.
Дүние жүзінде тілдер өте көп (3-5мыңдай). Олар құрылымы жағынан алуан түрлі.Солай бола тұрса да, олардың бәріне бірдей тән ортақ қасиеттері, ортақ заңдылықтары болады.Мәселен, тіл атаулының бәрі қатынас құралы қызметін атқарады. Бұл- дүние жүзіндегі тілдерінің тілдік элементтері жағынан біркелкі болатындығының дәлелі.
Тіл атаулының бәрі заман өткен сайын өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Бұл да тілдердің барлығына тән, бәріне ортақ қасиет. Айта берсек, барша тілдерге ортақ мұндай қасиеттер көп.Олай болса, «Жалпы тіл білімі» тіл атаулының барлығына тән осындай ортақ мәселелерді, ортақ заңдылықтарды сөз етеді.
Сонымен, «Жалпы тіл білімі» дегеніміз - тіл туралы ғылымның өткен жолын,тарихын, бағыт-бағдарын, әдістерін белгілейтін жалпы теориялық пән.Оның басты мақсаты- тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне жүйелі түрде талдау жасап, олардың өзіндік сипаттарын айқындау. Ондай өзекті мәселелердің қатарына мыналар жатады:
1) Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні (Тілдің табиғаты дегенде оның қандай құбылыстар қатарына жататындығы, яғни ол қоғамдық құбылыс па, болмаса табиғи құбылыс па? Әлде психологиялық құбылыстар қатарына жататын шығар?-деген сияқты мәселелер сөз болады. Ал тілдің мәні дегенде оның өзіндік сипаты мен атқаратын қызметі әңгімеленеді).
2) Тілдің құрылысы, яғни құрылымдық, жұйелік, таңбалық сипаттары; құрылымдық элементтерінің бір-бірімен байланысы, арақатынастары.
3) Дыбыс тілінің шығуы тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі-сыртқы себептер, тілдер дамуында болатын дифференциациялық(бөліну, саралану,даралану), интеграциялық( бірігу,топтасу) процестер,жалпы халықтық тіл, әдеби тіл, сөйлеу тілі,т.б.
4)Тілдердің типологиялық, генеологиялық топтары, яғни клласификациясы.
5)Тіл білімінің зерттеу әдістері,т.б.
Міне бұлар-бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бірінен-бірі туындайтын мәселелер.Бұл мәселелер- тіл білімінің өзіндік сипаты, ерекшелігі,зерттеу әдісі бар дербес ғылым екендігін танытады.
Ескертетін нәрсе-жалпы тіл білімі жеке тіл білімдерінен(мәселен, қазақ, орыс тіл білімдерінен) бөлек тұрған нәрсе емес.Ол сол жеке тіл білімдерінің тұжырымдарына негізделеді.Басқаша айтқанда, жеке тілдерді зерттеуден туған қорытындылар жалпы тіл біліміне материал болады.Ал тіл білімінің жеке тілдерді зерттейтін саласы өз зерттеулеріне жалпы тіл білімі жасаған теориялық тұжырымдарға сүйенеді,соларды басшылыққа алады.Бұл-жеке тіл білімі мен жалпы тіл білімі бір-бірімен байланысты деген сөз.
Біз тіл білімінің негізгі проблемаларын үш тарауға бөліп қарастырамыз.Олар:1)Тіл білімінің тарихы, 2)Тіл білімінің теориясы, 3)Тіл білімі
Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында (деңгейлерінде) қарастырылады. Мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында, сөздік құрамы лексикология саласында сөз етіледі. Мысалы фонетика саласы 1) сипаттама фонетика 2) салыстырмалы-тарихи фонетика 3) эксперименттікфонетика және тағы басқа болып сараланады. Лексикология ,грамматика дәл осындай. 
Тіл және оның жоғарыда аталған әр түрлі салалары(деңгейлері) ылғи дамуда болады. Ол даму қалай болсасолай емес,тілдің ішкі даму заңдары бойынша дамиды.
Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі(фонетика), сөздік құрамы(лексикология),грамматикалыққұрылысы(грамматика) бір-бірімен тығыз байланыстаболады және бірбірімен тығыз бірлікте сөз етіледі. Өйткені, тіл білімі тілдің, жоғарыда айттық әр түрлісалалары мен оның тармақтарын, олардың дамуын, өзарабайланысын , тіл дамуының ішкі заңдылықтарынзерттейді.Тілдің белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпынзерттейтін тіл білімі бар және оның шығуы мен тарихын, дамуын зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғысы- сипаттаматіл білімі (немесе синхрондық линвистика),соңғысытарихи тіл білімі (немесе диахрондық лингвистика) депаталады. Белгілі бір тілді (оның жүйесі мен құрылымын) ғылымитұрғыдан талдар түсіндіру үшін және оның даму заңдарынайқындау үшін, ол тілді және ондағыфонетикалық,лексиалық, грамматикалық құбылыстарлытуыстас тілдердегі бір тектес құбылыстармен салыстырутұрғысынан зерттеу қажет. Яғни тілдің табиғатын, оныңдаму заңдарын айқындауың басты шарты- тілдік тілдікқұбылыстарды салыстыру және тарихи өзгеру,даму) тұрғысынан зерттеу. Бұны салыстырмалытарихи әдіс депатайды.Белгілі бір тілдің жүйесі мен құрылысын және оныңдаму заңдарын айқындайтын жеке тіл білімі( мысалы,қазақ тіл білімі немесе орыс тіл білімі )бар да,ғылым ретіндегі тіл білімінің теориясы болыпсаналатын жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімінақтыбір тіл туралы емес, адам баласы тілінің дамуының жалпызаңдары туралы ғылым. Демек, тіл білімінің жалпытеориялық саласы болып саналатын жалпы тіл білімі. Әдетте,бір ғана тілдің емес,көптеген тілдердің деректерінесепке алады. Оларды жинақтай келіп,жалпы теориялықтоптаушылар мен қорытындылар жасайды. 
Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілді зерттеу үшін қажет.Ал жалпытіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағытбағдар сілтейді. Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін,оныңойлаумен арақатынасын,байланысын,адам баласы тілініңпайда болуын қарастырады;тілдің даму заңдарынайқындайды;дүние жүзіндегі тілдерге классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тілі білімінің алатынорнын айқындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет