Емтихан билеті №4
Сөздер мен заттар лингвистикалық мектебі.
ХХ ғ. басында жас грамматизм сынған алынып, тіл білімінде жаңа әдіс-тәсілдер іздестірілді, түрлі жаңа бағыттар пайда болды. 1909 ж. бастап шығатын “Сөздер мен заттар” журналының атымен сәйкес бағыт пайда болды. Көрнекті өкілі – Австрия лингвисі Г.Шухардт (1842-1927) өзінің “Сөздер мен заттар” еңбегінде: “Сөз затты білдіреді, зат –алғашқы және еш нәрсеге тәуелсіз; ал сөз керісінше, әр сөздің тарихы бар, оны лингвистикалық талдау арқылы ғана емес, заттар тарихы арқылы да зерттеуге болады. Сөздер таихы – бұл сол сөздерді қолданушы жеке адамдар тарихы”,-деді.
Сөздер мен заттар. Бұл - тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту ұра-
нын тұңғыш көтерген мектеп. Оның өкілдері 1909 жылдан
бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқаруымен шыға
бастаған (Австрияда) "Сөздер мен заттар" деп аталатын журнал
төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталған (Журнал
XX ғасырдың 40 жылдарына дейін шығып тұрды). Бұл
мектептің ең көрнекті өкілі - роман тілдері мен жалпы тіл
білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гюго Шухардт (1842-
1927).
Г. Шухардт тек роман тілдерін ғана емес, басқа да көптеген тілдерді зерттеген, жан-жақты, терең білімді адам болған. Ол тіл білімінде бірталай тың да қиын мәселелерді көтеріп, өз көзқарасын білдіріп отырған. Бұл мектептің өкілдері зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. Г.Шухардт "Заттар мен сөздер" деген еңбегінде: сөз затты білдіреді, зат - алғашқы, ол ешнәрсеге тәуелсіз, өзі үшін өмір сүреді, ал сөз затқа қарағанда соңғы, кейінгі, ол - затқа тәуелді, оның өмірі затқа байланысты, зат жоқ болса, оған қойылатын атау да жоқ, тілдегі әр сөздің өзіндік тарихы бар, оны тек лингвистикалық талдау "арқылы ғана емес, заттар тарихы арқылы да зерттеуге болады, заттар тарихы мен сөздер тарихы арасында толық параллелизм де, сондай-ақ күрделі және нәзік қ арым-қатынастар да бар, тіл білімінің міндеті - соны ашу дейді.
Осы талаптарға орай бұл ағым ғалымдары (Т.Шухардт, Р.Мерингер, В.Мейер-Любке, т.б.) сөздер тарихын сол сөздер атау болған заттар тарихына байланыстыра отырып, ұқыптылықпен, көп жағдайда өте шебер зерттелген. Әрине, сөздер тарихын сол сөз атау болған заттар тарихына байланыстыра қараудың тарихи лексикологияға берері көп, бірақ тіл білімі үшін әр сөз атау болған заттар тарихын зерттеу - әрдайым қажет бола бермейді. Олай істеу, көп жағдайда, тіл ғалымдарын негізгі объектіден бөліп, тіл білімі үшін қажеті жоқ нәрселермен айналыстырады.
Бұл мектеп өкілдері әсіресе Г.Шухардт типтік элементтер (сөздер) мағыналарының өзгеруіне, дамуына ерекше мән береді. Бұлардың семантиканың мәні жөніндегі пікірлері бұл мәселенің кейінгі дәуірде дамуына елеулі әсерін тигізді.
Г.Шухардт тілдерді туыстық жақындықтарына қарай жіктеудің дәлдігіне, ата тіл болды дегенге күмән келтіреді, генеалогиялық классификациялау орнына тілдерді географиялық ыңғайына қарай қарауды ұсынады. Географиялық жағдайына, қоныс ыңғайының өзгерісіне қарай бір тіл екінші бір тілге ауысып отырады дегенді айтады. Осыдан келеді де тілдің дамуы, ондағы болатын өзгеріс-құбылыс тілдердің араласуынан, тоғысуынан болып жатады. Дүние жүзіндегі тілдердің барлығы да өзара туыстас, бірақ олардың туыстастығы бір төркіннен, ата тілден тарағандықтан емес, араласып, тоғысқандықтан дейді. Бұл, әрине, бір жақты кеткендік.
Біраз мәселеде бұл мектеп өкілдері индивидуалистік психологизм ағымындағылармен пікірлес боды. Шухардттың пікірінше, тіл - жеке сөйлеушінің (индивидумның) жемісі. Индивидумның тұрмыс жағдайы, мінез-құлқы, мәдениеті, жасы тілге әсерін тигізеді, сөйтіп, индивидуалдық стиль қалыптасады. Сөздер тарихы - сол сөздерді қолданушы индивидумдар тарихы дейді.
Г.Шухардт өзінің "Фонетикалық заң туралы" деген мақаласында жас грамматистердің тілде "бұлжымайтын фонетикалық заң бар дейтін негізгі принципіне қарсы шығады: "бұлжымайтын фонетикалық заң" деген жоқ, кездейсоқ фонетикалық өзгерістер бола береді.
Г.Шухардтың лингвистикалық мұрасы бір тектес те, бәрі бірдей бағалы да емес. Оның еңбектерінің ең құнды жақтарының бірі - ғалым дамуына бөгет болатындардың бәрін де ешбір жалтақсыз батыл сынай отыра, үздіксіз жаңалық, басқаша тың бағыт іздеуінде, ғалымдарды соған үндеуінде. Г.Шухардт еңбектері өз дәуіріндегі лингвистикалық ой-пікір дережесін жан-жақты көрсете алады. Ол өз еңбектері арқылы тіл білімінің жас грамматистер доктринасы шеңберінде қала алмайтынын, тіл зерттеу ісінде жаңа, тың бағыт-бағдардың қажеттілігін дәлелдеді, Г.Шухардт бастап көтерген көптеген мәселелер лингвистика дамуының кейінгі дәуірлерінде күрделі де мәнді мәселелерге айналды. Сондайлардың бірі ретінде осы мектеп көтеріп қалыптастырған тілдердің бір-біріне тигізетін әсерін, тілдер тоғысуы, ареалдық лингвистика, тілдерді географиялық ыңғайларына қарай жіктеу мәселелері.
Көптеген құнды пікірлермен қатар бұл ағымның қайшылықтары да болды. Бұларда айтарлықтай тұрақты, өзіндік жүйелі принцип болмаған. Сондықтан тек шартты түрде ғана болмаса, "Сөздер мен заттар" бағытындағыларды қалыптасқан лингвистикалық мектеп еді деу қиын.
Достарыңызбен бөлісу: |