Емтихан билеті №1


Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланыстары



бет10/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланыстары.

Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді.Ол – ғалымдардың тілдің өзіндік сипатын әр түрлі түсінулерінен туды.Біреулер тілді биологиялық организм десе, екіншілер психологиялық құбылыс, ал үшінші біреулер физикалық құбылыс деген т.б. пікірлер айтты.Олардың әрқайсыларының өздерінше дәлелдері, сүйенген негіздері болды.Ал, шындығына келсек, тілде аталған сипаттардың барлығы да бар.Әңгіме солардың қайсысының негізгі екенін дұрыс тануда.
Тіл білімі және философия. Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.
Тіл білімі және логика. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері – тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.
Тіл білімі және психология. Психология – психика туралы ілім.Психологияның мақсаты – адамдардың психикалық әрекеттерінің объективтік заңдарын, адамның ой – санасын, психикалық қасиеттерінің қалыптасып, даму жолдарын айқындау.
Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу әрекеті – физиологиялық күрделі процесс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар.
Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл – айрылмас бірліктегі құбытлыстар.Тіл — әдебиеттің жаны.Тілсіз әдебиет жоқ.
Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Тілдің тарихи дамуын зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты.
Тіл білімі және география. Тіл білімінің география ғылымымен ұштасуы 19 ғасырдың соңғы кездерінен басталады. Тіл білімі және кибернетика. 20 ғасырдың 50 жылдарынан бері қарай тіл біліміне ерекше әсер ете бастаған ғылым — кибернетика. Тіл білімі және семиотика. Семиотика — әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі / знактар / туралы ғылым, семиотика сөйлеу тіліне таңбалар ретінде қарайды.

Тіл ойлау мен тығыз байланысты. Осыған орай, тіл білімінің ойлау категориялары мен ойлаудың заңдары туралы ғылым – логикамен, ойлау процестері және олардың тілде көрінуі туралы ғылым – психологиямен байланысты. Тіл білімі философиямен де тығыз байланысты.


Тіл білімі қоғамдықғылымдармен де байланысты. Тілдің дыбыстық жағын тіл білімінің фонетика саласы, физиканың акустика саласы қарастырады. Сөйлеу процесі дыбыстардың атау және тіл дыбыстарын қабылдау мен тікелей байланысты. Ал бұл процесті дыбыстардың арикуляциясы /сөйлеу мүшелері арқылы тіл дыбыстарының жасалуы/ жағынан және сөйлеуді есту мүшесі арқылы қабылдау жағынан физиология зерттейді. Тілдің күрмелу себептерін медицина ғылымының мамандары, атап айтқанда психиаторлар, дефектологтар, логопедтер зерттейді. Электронды машинамен аударма жасаудың, информация теориясының және кибернетиканың бірсыпыры мәселелерінің тікелей тіл біліміне қатысты болуы лингвистика мен математика ғылымдарының байланысын тудырып отыр.
Тіл білімі мен әдебиетану ғылымы филология ғылымдарының құрамына енеді. Білімнің бұл екі саласы бір-бірімен ертеден бері байланысты. Ақын – жазушының шығармашылығын зерттеу, оның шығармасының тілі мен стилін зертеуді де қамтиды, өйткені «тіл — әдебиеттің бірінші элементі» /Горкий/. Лингвистер тілді зерттеуде әдеби шығарманың тіліне назар аудармй тұра алмайды, өйткені әдеби шығарма лингвистер үшін құнды материал болып табылады.Тіл білімінің стилистика саласы әдебиеттану ғылымымен өте-мөте тығыз байланысты.
Тіл білімі философиямен тығыз байланысты.
Біріншіден, методологиялық қағидалар жағынан, екіншіден, зерттелетін ортақ проблемалар жағынан жақындасып байланысады.
Тілдің мәні, оның таңбалық сипаты, шығуы мен дамуы, ойлау мен тілдің ара қатнасы және т.б проблемаларды зерттеп шешу үшін, философия тіл біліміне бағыт бағдар сілтейді, аталған проблемаларды шешудің принціпін белгілейді. Адамның ойлауы тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, философия адамның ойлау процесі, тілде қалай көрінеді деген мәселені ескерусіз қалдыра алмайды. Бұл мәселе таяныш етілетін негізгі философиялық позиция тұрғысынан шешілуі тиіс: диалектикалық материализм материя алғашқыда, сана екінші туынды деп есептейді.
Тіл білімі логикамен тығыз байланысты. Логика – ойлаудың заңдары мен ой формалары туралы ғылым. Ал ойлау, әдетте, тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы жарыққа шығады. Адамның ойы тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, түсінікті бола алды. Логикада ойлаудың заңдары, формасы, құрылысы зерттелінсе, тіл білімінде тілдің заңдары мен құбылысы, формалары мен құрылымдық элементтері зерттеледі.
Тілдік единицалар /сөз, сөйлем/ ойлау категориялары – ұғым және байымдаумен байланысты болады. Осыдан, сөзді ұғыммен, сөйлемді байымдаумен байланыснда зерттеу міндеті келіп туады.
Тіл білімі психологиямен де байланысты. Психология психикалық құбылыстарды зерттейді. Ал, түйсік пен қабылдау, елес пен ойдың, сөйлеу поцесінде және оны қабылдап түсіну процесінде тікелей қатысы бар. Сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасау, пікір алысу, біреудің сөзін қабылдау, оны ұғыну процесін түсіндіру психологияның жәрдемін керек етеді.
Сөздің семантикалық жақтарына, сөз мағынасының ауысуына қатысты құбылыстар да психикалық құбылыстармен астарласып жатады. Мысалы, метафора, метонимия, синекдоха тәсілдері арқылы сөз мағынасының ауысуы ассоциация деп аталатын психикалық құбылысқа негізделеді. Тіл ойды білдірудің құралы ретінде емес, сонымен бірге сезмді де білдірудің құралы ретінде қызмет тқара алады. Эмоцияны білдіру тілдегі сөздерге де, сөйлемге де тән.Психология тілдік құбылыстардың мазмұнын ашып айқындауға көмектесуі мүмкін.
Тіл білімі физиология ғылымдарымен де байланысты. «Адам баласының сөйлеуі неліктен?» деген мәселе социологиялық проблема ғана емес, физиологиялық проблема ретінде де қаралады.
Биолог ғалымдар И.М.Сеченев пен И.П.Павловтың зерттеулерінің арқасында ми мен сөйлеудің әрекеттерін танып білуде қазіргі заманғы ғылым елеулі табыстарға жетті. Жоғарғы нерв қызметінің теориясы шындықты сәулелендірудің адамға тән формасыекіші сигнал жүйесіне негізделетінін көрсетеді.Естілетін және оқылатын сөздер екіші сигнал жүйесін құрайды. Олар /сөздер/ сырттан болатын басқа да тітіркендіргіштер тәрізді әсер етуді де, шартты рефлекстерді тудырады. Сөздердің басқа тітіркендіргіштерденерекшелігі мынада: сөздер бірінші сигнал жүйесін құрайтын нақтылы заттар мен құбылыстардың белгілері, сигналдары болып есептеледі. Демек сөз сигналдардың сигналы ретінде әрекет етеді.
Сөйлеу поцесінде жоғары нерв жүйесінде, сезім мүшелері мен дыбыстау мүшелері де бірдей қатысады. Сөйлеу жоғары нерв жүйесінің қызметімен байланысты болса, адамдарда болатын афазия /тілдің күрмеленуі/ ауруы мидың зақымдануымен байланысты. Осылай болғандықтан медицина ғылымының уәкілдері- психиаторлар, дефектологтар, логопедтер сөйлеуді /реч/ жоғары нерв жүйесінің қызметі және мидың қызметімен байланысында қарастырады. Психиотрия, логопедия ғылымдары.
Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Тілдегі сөздер өздерінің дыбыстық жамылғышы – дыбыс тіркестері арқылы өмір сүреді. Тілдегі дыбыстар жүйесін тіл білімінің фонетика саласы зерттейді. Ал жалпы дыбыс атаулыны, дыбыс құрылыстарын физиканың акустика саласы қарастырады.
Акустика дыбыс ырғағы мен дыбыс әуені деп аталатын белгілерді анықтап ажыратады. Сонымен бірге тон, салдыр, резонанс деп аталатын дыбысқа қатысты құбылыстарды да айқындайды.
Тіл білімінің тарих ғылымдарымен, соның ішінде этнография және археологиямен байланысты. Тіл тарихи – сол тілде жасаушы, қолданушы және оның иесі – халықтың тарихына байланысты. Тіл деректерін зерттеу және оларды пайдалана білудітарихқа қатысты әр-түрлі проблемаларды танып білуге көмектеседі. Ол проблемаларға белгілі бір халықтың тегі, оның пайда болуы, халықтардың дамуының әр дәуіріндегі мәдениеті, белгілі бір халықтың басқа халықтарға байланысы туралы мәселелер енеді.
Тіл білімі «Адам баласы қай заманда және қалай сөйлеп үйренді?» деген сұраққа жауап беру барысында антропологиямен жақындасады. Антропология – адамның биологиялық табиғаты, органикалық тіршілік ішінде адамның алатын орны, алғашқы адамның пайда болуы, адаманың адам тәрізді жануарлардан айырмашылығы, көне заман мен қазіргі замандағы адамның морфологиялық типтері туралы ғылым. Адам баласы тілінің пайда болу дәуірін айқындауда әсіресе палеантропологияның деректері айрықша маңызды.
Тіл білімі мен географияның өзара байланысы ғылымның жаңа бір саласы — лингвистикалық географиядан көрінеді. Лингвистикалық география тілдегі фонетикалық, лексикалық және грамматикалық құбылыстардың қандай территорияға тарағанын және географиялық тұрғыдан алғанда, қай территориямен шектелетіндігін көрсетеді. Лингвистикалық географияның, әсіресе диалектерді зерттеуде, белгілі бір диалектінің таралу шегін айқындауда үлкен маңызы бар.
/Лексикалық және грамматикалық диалектер/
/машан – масан/ барғым жоқ – барғым келмейді
/ашап – кілт/ біздің – біздің, күнігі сайын – күн сайын
/әйдек үлкен/ алың – ал
Тіл таңбалардың комуникативті жүйесі болып саналады. Осыған орай тіл білімі жалпы таңба атаулыны қарастыратын, таңбалардың жалпы теориясы туралы ғылым – семпотикамен байланысты.
Тіл білімі белгілі дәрежеде математикамен де, кибернетикамен де байланысты. Тіл білімі математикамен машиналық аударма мәселелері бойынша байланысса, тілді зерттеуде математикалық статистика методтарымен қолдануы жағынан байланысады.
Кибернетика тірі организм мен машинада байланыс пен меңгеру және бақылау процестерінің кейбір ортақ белгілері болады. Электронды машинаның адам миының қызметіне ұқсас қызмет атқаратын механикалық құрылысы болады.
Тіл білімінің ғылым ретінде теориялық үлкен мәні болуымен бірге, оның практикалық маңызы да күшті. Тіл білімінің теориялық мәселелерін зерттеудің нәтижелері және олардың жасалған қортындылары мен топшылаулары лингвистиканың көптеген практикалық мәселерін шешуге және оған бағыт – бағдат сілтеп дұрыс жолға қоюға көмектеседі.
Тіл білімі тілдің даму заңдылықтарын және ондағы тілдің категорияларын бір- бірімен байланысын, өзара қарым- қатнасын ашып айқындаумен бірге, тілді оқыту ісіне, оның заңдылықтарын білдіруге көмектеседі. Сондай –ақ тіл білімі тілдердің әрі қарай дамуының перспективасын көрсетіп, тілді өңдеудің, оны жетілдіре түсудің ғылыми негізімен қағидаларын жасап береді.Тіл білімінің практикалық мәні әсіресе біздің елімізде айрықша болып отыр.
Орыстың ойшылары және әдеби сыншылары В.Г.Белинский менН.Г.Чернышевский философия тіл эстетика, әдебиет мәселерімен бірге тіл және тіл білімі жайында ғылыми үлкен маңызы бар пікірлер айтып, бай мұра қалдырды. В.Г.Белинский тілдің тағдыры жеке адамдардың еркіне зорлығына көнбейді, тіл тазалығын сақтаушы да, қорғаушы да сол тілді жасаған халық деп түйіндейді.
В.Г.Белинский да, Н.Г.Чернышевский да өздері өмір сүрген дәуірдегі грамматикаларға рецензиялар жазып, талай рет құнды сан – пікілер айтты. Сонымен бірге, олар тіл мен ойлаудың байланысы, тілдің мәні мен қызметі, тіл тазалығы, аударма және оның тілі жеке ақын жазушылардың тілі мен стилі тәрізді мәселелерді үңіле қарастырып, олар жайында терең талдау жасады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет