Емтихан билеті №1



бет12/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары

Менталингвнстика объектілері ішіндегі қиын да, актуалды проблемалардың бірі — тіл мен ойлау арасындағы қарым-қатынас. Оның қиындығы — тіл мен ойлау табиғатьіның күрделілігінде, қарым-қатынастарының әр жақтылығында. Бұл екеуі де адамдықтың айрылмас басты белгілері бола тұра, екеуі арасында да әрқайсысының өз ішінде де қайшылықтары мол. Екеуінде де әлеуметтік жалпы адамдық сипатпен қатар индивидуалдық та қасиеттер бар.
Тіл мен ойлаудың қарым-қатысы жөніндегі мәселемен логика, психология, социология, семиотика сияқты көптеген ғылымдар айналысады. Менталингвистика осы аталған ғылымдардың барлығымен де істес болады. Әрқайсысының өзіндік объектісі, әзіндік бағыт-бағдарлары бар бұл ғылымдар тіл мен ойлау арасындағы қарым-қатысты түрліше, өз мүдделері тұрғысында талдайды, Соған қарай қазіргі заман менталингвистикасында бірнеше беделді бағыттар қалыптасты. Солардың бірі — логикалық, екіншісі — психологиялық бағыттар.
Л о г и к а л ы қ б а ғ ы т — менталингвистикадағы ең кең тараған беделді бағыт. Логикалық менталингвистиканың негізгі объектісі ойлаудың танытқыштық қызметін, логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасындағы қарым-қатысты зерттеу, тілдік категориялардың логикалық сипатын айқындау. Бұлардың пікірінше, логикалық категорияларға жататын ұғым, байымдау, субъект, предикат пен тілдік категорияларға жататын сөз, сөйлем, бастауыш, баяндауыш сияқтылар арасында үндестік, бірлік бар. Алдыңғы логикалық категориялар соңғы тілдік категориялар арқылы жарыққа шығады: ұғым — сөз, байымдау — сейлем, субъект — бастауыш, предикат — баяндауыш арқылы т. б.
П с и х о л о г и я л ы қ б а ғ ы т, немесе психологиялық менталингвистика логикалық бағытқа қарсы. Бұлардың негізгі объектілері — ойлау процесін талдау, логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасындағы алшақтықты, үйлесімсіздікті ашу, логикалық бағытты сынау. Бұлардың пікірінше, ойлаудың логикалық құрылымы мен тілдің грамматикалық құрылымы арасындағы негізгі қайшылықтар, үйлесімсіздіктер мыналар:

  1. Логикалық байымдау мен грамматикалық сөйлем көп жағдайда өзара үйлеспейді. Байымдау — ойлаудың мақұлдауды я мақұлдамауды ғана білдіретін формасы және ол субъекті «мен предикаттан құралатын екі мүшелі, ал грамматикалық сөйлем хабарлы да, сұраулы да, лепті де, бүйрықты да болып келеді, сонымен бірге, сөйлем бір құрамды да, жайылыңқы да болады. Мүшеге бәлінуі жағынан да сөйлем байымдаудан өзгеше.

  2. Логикалық категориялар мен грамматикалық категориялар арасындада үйлесімсіздік көп:логикада сөздер затты, сапаны, әрекетті білдіретін түрлерге ғана бөлінеді, ал грамматикада бұлардан басқада сөздер табыбар.

  3. Логикалық ұғым мен сөз мағынасы арасында да көп өзгешеліктер кездеседі. Сөздер тек ұғымдығанаемес, ұғымғажатпайтын әр түрлі мағыналарды да, түйсік, түсінік,сезіну, қабылдау,нұсқауларды да білдіреді. Сондай-ақ сөздер көп мағыналы болады, кейдебелгілі бір ұғым жеке сөз арқылы емес, сөздер тіркесі арқылы да беріледі. Логикаға қарағанда тілдіңмүмкіндігіде, өрісі де орасанкең.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет