Өмірде алуан құбылыстар бар. Олар табиғат құбылыстары және қоғамдыққұбылыстар болып екі топқа бөлінеді.Тіл қоғамдыққұбылыстардыңқатарынан орын алады.Ол –қыр-сыры мол, күрделі құбылыс.Тілдің табиғатын (мәнін) танып білу үшін оның ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша . Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, оныңқатынас құралы болу қызметі аталады. В.И.Ленин “Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Тілдіңқызметін түсінуде бұл анықтаманың маңызы үлкен. Тіл – адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудыңқұралы ретінде пайда болды. Тарихта мұндай коллектив алғашында ру, тайпа түрінде, кейінде халық тілі , ұлт болып өмір сүрді, осыған орай ру тілі, тайпа тілі, халық тілі болды. Адамдар коллективіне – мейлі ол ру немесе тайпа болсын, халық немесе ұлт болсын – осылардың бәріне де тіл қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы оның табиғатын (мәнін) айқындайтын басты қасиеті деуіміз де осыдан.Тіл мен қоғамныңөз ара тығыз байланысы – екі жақты байланыс . Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды . Тіл жоқ жерде адамдардыңқоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдықөндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамныңөмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудыңқұралы – тіл қажет . Тіл – адам баласы қоғамыныңөмір сүруінің және дамуыныңқажетті шарты. Екіншіден , тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдіңөмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамныңөмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдіңөмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет.
Тілдіңқатынас құралы болу қызметі мен ойлаудыңқұралы болу қызметіне қоса тағы бір қызметі бар: ол – экспрессивті қызмет. Тілдің экспрессивті қызметі делініп, әдетте, оның адамның субъективті қатынасын, сезімі мен эмоциясын білдіру қызметі аталады. Тілдің экспрессивті қызметінің, ондағы эмоцианальды –экспрессивті құралдар мен тәсілдердің ойды көркемдеп, әсерлеп жеткізуде , әсіресе көркем әдебиетте маңызы күшті.
Тілді қоғамдыққұбылыстардыңқатарына жатқызуға негіз болатын басты белгі оныңқоғамға қызмет ету белгісі екендігі жоғарыда айтылды. Бірақ, тілдіңқоғамға қызмет етуі басқа қоғамдыққұбылыстардың, мысалы, базис пен қондырманың, қоғамға қызмет етуінен өзгеше болады. Базис қоғамға экономикалық жағынан қызмет етсе, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет етеді, қоғам үшін тиісті көзқарастардың нормаларын жасап береді. Демек, тілден басқа қоғамдыққұбылыстар, мысалы, базис пен қондырма, қоғамға белгілі бір салада қызмет етеді. Ал тілдің басқа қоғамдыққұбылыстардан айырмасын көрсететін айрықша ерекшелігі мынада : тіл қоғамға қызмет еткенде , адамдардыңқатынас құралы, пікір алысу құралы, бірін-бірі түсінісу құралы ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында : өндіріс пен экономикалыққатынастар саласында да , саясат пен мәдениет саласында да , қоғамдықөмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді.Демек, тіл адамның ісі мен әрекетінің барлық саласын қамтиды, осыған орай, оныңқимыл өрісі өте кең және әр жақты болады. Тілдің ерекшелігі оның ең басты қызметі – қатынас құралы болуынан келіп туады.
Тіл мәдениетпен байланысты, бірақ онымен тепе-тең емес. Тілді қондырмамен теңестіру, бірдей деп есептеу қаншалықты қате болса , тілді мәдениетпен теңестіру, бірдей деп есептеу соншалықты қате болмақ. Мәдениет идеологиялық, яғни қондырмалыққұбылыстыңқатарына енеді, осыған орай, ол буржуазиялық та, социалистік те болуы мүмкін.Ал тіл қатынас құралы ретінде әрқашан жалпыхалықтық сипатта болып, буржуазиялық мәдениетке де, социалистік мәдениетке де бірдей қызмет етеді алады.
Тілдіңөндіріс құралдарымен қызмет ету жағынан ұқсастығы бар. Тіл мен өндіріс құралдарыныңұқсастығы мынада : тіл де, өндіріс құралдары да әр басқа қоғамдыққұбылыстарға – ескі құрылысқа да, жаңа құрылысқа да , мысалы, капиталистік құрылысқа да, социалистік құрылысқа да бірдей қызмет етеді, қондырмаға, қоғамдағы таптарға талғаусыз қарайды. Дегенмен , тіл мен өндіріс құралдарын теңестіру, оларды бірдей деп есептеу қате болар еді. Бұлардың арасында түбірлі айрмашылық бар: өндіріс құралдары материалдық игілік өндіреді, ал тіл ештеңе де өндірмейді, адамдардыңқатынас құралы, сөйлесу, түсінісу құралы ретінде қызмет етеді.
Тіл мен ойлаудыңөз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімініңғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады.Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатыныңөте-мөте күрделі болуымен байланысты.Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да – адамға тән құбылыстар . Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тілде, ойлау да – адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да — әлеуметтік құбылыс, өйткені адамныңөзі қоғамдыққұбылыс болып саналады. Тілде де, ойлауда да әлеуметтік және индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып , бір-бірімен бірлікте болады.Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшеліі көрінеді.
Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы , адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін объективті дүниенің элементерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі, ал осы нәтижелердіңөзі ары қарай танып білуге негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудыңқаруы , инструменті ретінде,ал тіл мен ойлаудың байланысы бірлік ретінде сипатталады.
Қоғам мүшелерініңөз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып , не жазып жеткізеді.Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді.Ойдың жарыққа шығып , іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі , сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы”(К.Маркс).Ой шындығы тіл арқылы , тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудыңқаруы, ойды білдіру құралы.
Диалектикалық матерализмнің ойлау мен тілдіңөзара тығыз байланыстылығы туралы қағидасы – кеңес ғылымында әбден орныққан және басшылыққа алатын бірден бір дұрыс қағида . Ал бұл проблеманың (ойлау мен тілдің байланысы туралы проблеманың ) нақтылы мәселелеріне келетін болсақ, олардың ішінде әлі де болса толық шешімін таппаған мәселелердің немесе талас мәселелердің бар екенін мойындамасқа болмайды. Бұлардыңқатарына, мысалы , тіл мен ойлаудың байланысының нақтылы формасы туралы мәселе, тілдіңәртүрлі жақтары – материалдық, дыбыстық жақтарының және осылармен байланысты мағыналық жақтарының ойлауға қатысы туралы мәселе, логикалық және грамматикалық категориялардыңқарым-қатысы, сөздің мағынасымен ұғымының арақатысы және байымдау мен сөйлемнің арақатысы туралы мәселе т.б мәселелер енді. Аталған мәселелердің барлығыда күн тәртібіне қойылып та, баспасөз бетінде талқыланып та жүр. Тілге (оның материалдыққабығына ),бірінші жағынан, қабылдау мен елестің сезіну, көрнектілік образыныңқатысы туралы мәселе де талқылауды және айрықша назар аударуды қажет етеді.