Емтихан билеті №1


Тіл біліміне қатысты аралық ғылымдар



бет70/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Тіл біліміне қатысты аралық ғылымдар.

Тіл білімінің әр түрлі ғылымдармен байланысын жете түсіну үшін, оның қоғамдық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының әр түрлі салалармен байланысының әр қайсысына анайы тоқтау қажет. 1) Тіл білімінің әдебиеттану ғылымы филология ғылымдарының құрамына енеді. Білімнің бұл екі саласы бір-бірімен ертеден бері байланысты. Ақын-жазушының творчествосын зерттеу оның шығармасының тілі мен етилін зерттеуді қамтиды, өйткені «тіл-әдебиеттің бірінші элементі» (М.Горький). Лингвистер тілді зерттеуде әдеби шығарманың тіліне назар аудармай тұра алмайды, өйткені әдеби шығарма лингвистер үшін құнды материал болып саналады. Тіл білімінің стилистикасы деп аталатын саласы әдебиеттану ғылымымен өте тығыз байланысты болады.


2) Тіл білімінің философиямен тығыз байланысты. Тіл білімі біріншіден философиямен, методологиялық қағидалар жағынан байланысса, екіншіден зерттелетін ортақ проблемалары жағынан жақындасып байланысады. Тілдің мәні, оның таңбалық сипаты, тілдің шығуы мендамуы ойлау мен тілдің ара қатысы және т.б. проблемаларды зерттеп шешу үшін, философия тіл біліміне бағыт-бағдар сілтейді, аталған проблемаларды шешудің принципін белгілейді. Адамның ойлау тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, филасофия адамның ойлау процесі, анығырақ айтқанда, өзін қоршаған дүниені адамның тану процесі тілде қалай көрінеді деген мәселені ескерусіз қалдыра алмайды. Идеалистік көзқарастағы философтар мен лингвистер Гумбольдт, Фосслер, Вейегербер, Уорв сематикалық философияның өкілдері. Жалпы тіл білімі тіл туралы ғылымның бір саласы болып саналса, тілдің философиясы философия ғылымдарының бір саласы болып саналады да ортақ проблемаларды бірлесе зерттейді. Сондай-ақ тілдің ойлауға қатысты туралы мәселе де жалпы тіл білімі мен тілдің философиясына бірдей қатысты басты проблемалардың бірі болып саналады. Осындай проблема тіл философиясында да, жалпы тіл білімінде де қарастырылады, сөйтіп тіл мәнінің проблемасы тіл философиясы мен жалпы тіл біліміне ортақ болып табылады.
3) Тіл білімі,әсіресе, логикамен тығыз байланысты. Тіл білімі мен логиканың байланысы ғылымның бұл екі саласында зерттелінетін құбылыстардың өзара байланысынан келіп туады. Логика –ойлаудың заңдары мен ой формалары туралы ғылым. Ал ойлау, әдетте, тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы жарыққа щығады. Логикада ойлау заңдары, ойдың формасы мен құрлысы зерттелінсе, тіл білімінде тілдің заңдары мен құрлысы, тілдегі әр түрлі формалар мен құрылымдық элементтер зерттелінеді. Логиканың тіл туралы ғылымның жасалып қалыптасу барысында оған тигізген әсерін айтуға болады. Грамматикалық категорияларды логикалық категориялармен теңестірудің негізінде универсалды грамматиканы жасау идеясы пайда болды да, мұндай грамматика ХҮІІ ғасырда Францияда жасалынды. Тіл білімде логикалық бағыттың әсерін, соның қалдырған ізін синтаксисті ұғымдарға берілген кейбір анықтамалардан көруге болады. Лингвистерге тілдік категорияларды ойлау категориялармен байланысады, ал логиктерге ойлау категорияларын тілдік категориялармен байланысында зерттеу міндеті жүктеледі.
4) Тіл білімі психологиямен де байланысты. Психология психологиялық құбылыстарды атап айтқанда, түйсік пен қабылдау, елес пен ой, сезім мен тілек, бейімділік пен қабілет, ерік сапалары мен мінез белгілерін зерттейді. Ал аталған психикалық құбылыстардың, мысалы түйсік пен қабылдаудың, елес пен ойдың, сөйлеу процесінде тікелей қатысы бар заттың біздің санамызда сақталған атаумен байланысты –психикалық байланыс. Заттардың өзіне тән белгілері бойынша –психикалық байланыс. Заттардың өзіне тән белгілері бойынша атаулы және ол белгілердің таңдалынып алынуы- психологиялық факт. Психология тілдік құбылыстардың мазмұнын ашып айқындауға көмектесу мүмкін. Бірақ тілді бір жақты психологиялық тұрғыдан қарастыру қате болды. Әр басқа тілдегі септіктердің, шақ формалары мен шырай формаларының, грамматикалық род формалары мен жіктелудің, синтетикалық формалар мен аналитикалық формалардың түрліше болуын ұлттардың психикалық склад айырмашылықтары арқылы түсіндіру, әрине, мүмкін болмаған болар еді.
5) Тіл білімінің тарих ғылымдармен, соның ішінде этнография және археологиямен байланысы бар. Тіл тарихы-сол тіллді жасаушы және сол тілді қолданушы халықтың тарихының бір саласы. Сондықтан белгілі бір тілдің тарихын сол тілді жасаушы, қолданушы және оның иесі –халықтын тарихына байланыссыз қарауға болмайды. Тіл тарихы мен халық тарихының байланысы-екі жақты байланыс. Тілдің тарихын сол тілді жасаушы, қолданушы және оның иесі –халықтың тарихымен тығыз байланысында зерттеу қаншалықты қажет болса, халық тарихын сол халықпен бірге жасасып келе жатқан оның тілінің тарихымен байланысында зерттеу соншалықты қажет. Тіл деректерін зерттеу және оларды пайдалана білу тарихқа қатысты әр түрлі проблемаларды танып білуге көмектеседі. Ол проблемалардың қатарына белгілі бір халықтың тегі оның пайда болуы, халықтардың дамуының әр дәуіріндегі мәдениеті, белгілі бір халықтың басқа халықтармен байланысы туралы мәселелер енеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет