Бодуэн де Куртенэ, оның тіл біліміне қосқан үлесі.
И. А. Бодуэн де Куртенэ «XIX ғасырдағы тіл ғылымы, немесе лингвистика» деген еңбегінде салыстырмалы грамматиканың XIX ғасырдың туындысыекенін айта келіп: «әдіс жөнінен алғаш түрткі салғандар үнді грамматистері, тілдік талдау, сездерді құранды элементтерге бөлу солардан басталады. Бұл — түрлі тілдер сөздерін салыстырмалы сөздіктерде салыстыра қарауды дүниеге келтірді. Егерде үнді грамматистерінің XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезіндегі Европа зерттеушілерінің ақыл-ойына тигізген орасан зор әсері болмаса, салыстырмалы грамматиканың, тіпті Европа мен Америка топырағында пайда болған тіл ғылымының гүлдеп дамуы болмаған болар еді» дейді.
И.А. Бодуэн де Куртенэ "XIX ғасырдағы тіл ғылымы немесе лингвистика" деген еңбегінде: "Егер де үнді грамматистерінің ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезіндегі Еуропа зерттеушілерінің ақыл-ойына тигізген орасан зор әсері болмаса, салыстырмалы грамматиканың, тіпті Еуропа мен Америка топырағында пайда болған тіл ғылымының гүлдеп дамуы болмаған болар еді", - дейді.Шынында да, үнділер тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан. Тіл фактілерін зерттеуде олар синтетикалық тәсілді де қолданған. Сол арқылы тілдік элементтердің өзара ұқсастығын және бір-бірінен өзгешеліктерін айқындаған.Бодуэн де Куртенэ жас грамматикалық бағытпен тығыз байланыста болды, көп жағдайда олардың концепциясын жақтады. Солардың ізімен бұл да индивидуалдық психологизмді қолдады, ақиқат бар тіл - индивидумдар тілі, біртұтас ұлттық тілі деген тек қиялда ғана болатын жалған нәрсе, сондықтан зерттеудің негізгі объектісі индивидумдар тілі, индивидумдар психологиясы дейді. Солай дей тұра ол, екінші жағынан, тілде даралықпен бірге жалпылық та болады, бұл екеуі бірлікте. Индивидумдағы бар нәрсе, екінші жағынан, жалпынікі, жалпы адамдық болып табылады. Олай болатыны барлық индивидумдар психикасы біркелкі болады. Бұл біркелкілік - жалпылықтың, әлеуметтіктің негізі дегенді айтады. Сөйтіп, Бодуэн де Куртенэнің психологизмі индивидуалдық қана емес, әлеуметтік те психологизм болып шығады. Бұл - бүкіл Қазан лингвистикалық мектебіне тән тұжырым. Бұлардың көтерген тағы бір мәселесі - тілдің статикалық және динамикалық күйі деген мәселе. Жас грамматизм ізімен бұлар да тілдің динамикалық күйін, яғни тарихын зерттеудің бірінші орынға қоя отырып, екінші жағынан, тілдің статикалық күйін, яғни жүйесін зерттеуге де көңіл аударды. Тілдің белгілі бір дәуірдегі күйін, жүйесін айқындауда статикалық әдіс - таптырмайтын құрал дегенді айтты. Мектептің, оның көсемі Бодуэн де Куртенэнің бұл пікірі өзінен кейінгі де Соссюрдің статикалық және динамикалық лингвистикасы дегендерімен үндес келеді.Қазан лингвистикалық мектебі, әсіресе Бодуэн фонема мәселесіне ерекше назар аударды. Оның бұл саладағы еңбегі кейініректе Прага структуралистерінің фонема жөніндегі зерттеулеріне күшті әсерін тигізді.Қазан лингвистикалық мектебі құрамында Н.В.Крушевский, В.А.Богородицкий сияқты көрнекті тіл ғалымдары да болды. Кейінгі кезде бұл мектептің бағытын қолдап, оны ілгері дамыта түскен ғалымдар - Л.В.Щерба мен Е.Д.Поливанов.