Емтихан билеті №1


Фонемалардың автономиялық деңгейі



бет67/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары

1. Фонемалардың автономиялық деңгейі. Оның механизмі мынадай. 
Фонема морфема мен сөздің дыбыстық тұлғасын, көрінісін жасайды, яғни морфема 
мен сөз фонемалардан тұрады. Фонемалар морфема мен сөз құрамында ұдайы 
түрленіп жаңғыра отырып, қашанда өзінің фонемалық қасиетін, ішкі тұтастығын 
сақтап отырады. Сонымен бірге фонема тілде тұлғалық өзгерістер жасауға қызмет 
ететін қарапайым тілдік таңба болып табылады. Мысалы, а фонемасы өзінен 
күрделі тіл бірліктері - морфема мен сөз құрамын жасауға қатыса отырып, ең 
кішкентай тіл бірлігі (единица) ретінде өзіне тән қасиеттерінен айырылмайды және 
қарапайым таңбалық сипатын сақтайды.
2. Морфемалардың автономиялық деңгейі. Оның механизмі мынадай. 
Морфема сөздің және оның грамматикалық формаларының құрамын жасайды. 
Солардың құрамында үнемі түрленіп, жаңғыра отырып, қашанда өзінің 
морфемалық қасиетін, ішкі тұтастығын сақтап отырады, әрі дербес мағынасы жоқ 
тілдік таңба болып табылады.
3. Сөздердің автономиялық деңгейі. Оның механизмі мынадай. Сөз сөз 
тіркесінің құрамына кіреді, сөзжасам типтері мен морфологиялық категорияларды 
жасауға қатысады, фонемалар мен морфемаларды біріктіріп отырады. Сөз 
тіркестері мен сөйлемдердің құрамында ұдайы түрленіп жаңғыра отырып, сөз 
қашанда өзінің сөздік сипатын, қасиетін, ішкі тұтастығын сақтап отырады. 
Сонымен бірге сөз өз алдына мағынасы бар тілдік таңба болып табылады.
4. Сөзжасам типтерінің автономиялық деңгейі. Оның механизмі мынадай. 
Сөзжасам типтері сөз таптарын жасауға қатысып, сөздердің өзара қатынас 
жасауына мүмкіндік береді. Сөз құрамында ұдайы жаңғыра отырып, сөзжасам 
типтері өзіне тән қасиетін, ішкі тұтастығын сақтап отырады. Сонымен бірге ол 
өзінің құрамына кіретін тілдік таңбалардың көрсеткіші болып табылады.
5. Морфологиялық категориялардың автономиялық деңгейі. Оның 
механизімі мынадай. Морфологиялық категориялар синтаксистік категориялардың 
(сөйлем, оның түрлері, сөйлем мүшелері т.б.) жасалуына қатысып, сөз бен олардың
гармматикалық формаларының интеграциялануына мүмкіндік береді. Сөйлем 
құрамында ұдайы жаңғыра отырып, өзіндік қасиетін, ішкі тұтастығын сақтап 
отырады. Сонымен бірге морфологиялық категориялар тілдік таңбалар 
бірлестігінің көрсеткіші болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет