Емтихан билеті №1



бет62/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Ақша таңбалары. Бұған әр елдің, әр дәуірдің қағаз, күміс, бақыр ақшалары жатады.
Сәуле таңбалары. Бұған жарық арқылы берілетін әр түрлі белгілер, сигналдар — светофорлар, су жолында қолданылатын маяктар, бакендер (су бетіне қауіпті жерлерге қойылатын қалқыма шырақтар) жатады.
Ымдау, нұсқау, таңбалары. Семиотикалық таңбалардың күрделі бір саласы — ымдау, нұсқау, яғни әр түрлі дене қимыл-козғалыстары арқылы белгі беріп, бір нәрсені хабарлау, түсінісу әрекеттері. Ғылыми әдебиеттерде семиотикалық таңбалардың бұл түрі ым тілі, щол тілі деп те аталады. Кейбір ғалымдар ым тілін адамдардың қатынас кұралының алғашқы түрі, бастапқы тіл — ым тілі болған, дыбыс тілі ым тілінен кейін шыққан, ым тілі адамдар қатынасы дамуының дербес бір сатысы дегендерді айтады. Мұндай пікірді совет тіл білімінде Н. Я. Марр да жақтады.
Дене қимылдары арқылы түсінісу, хабарласу әрекеттерінің ежелгі замандардан бері келе жатқанын, оның адам қоғамының өте балаң кездерінің өзінде де мол кездесу мүмкіндігін ғылым бекер демейді. Бұл мәселені зерттеуші мамандар оны хайуанаттар дүниесінде қазірде де кездесетін әр түрлі дене әрекеттерімен төркіндес емес пе екен; қазірде қолданып жүрген әр түрлі ымдау, нұсқауларымыз адамдардың хайуандар тобынан бөлініп қоймаған кезінің езінде де болмады ма екен деген Оо.і жаулар айтады. Қазіргі хайуанаттар дүниесінде оп.пліі ұқсас әр түрлі жайттерге қарағанда дене қимылдары арқылы түсіндірудің төркіні тым арғы заманда дейтін пікірдің жаны бар. Бірақ оны дербес қатынасынсыз өмір сүрген дербес тіл еді деуге, қоғам дамуында ым тілі дәуірі болған деуге ешқандай дәлел жоқ. Қайта өмір тәжірибесі дене қимылдарының, дыбыспен, үнмен қосарлана, соған көмекші ретінде қолданылатынын көрсетеді.
Таңбаның екінші және негізгі түрі — шартты таңбалар. Семиотикалық таңба делінетіндер де осылар. Бұлардың шартты деп аталатын себебі жоғары айтылғандай, таңба мен олар білдіретін мағына арасында табиғи байланыс, айрылмастық бірлік болмайды, таңбалық қызметінен айырған күнде де олар (таңбалар) бастапқы табиғи күйінде қала береді. Сондықтан таңба мен ол білдіретін мағына арасындағы қатынас шартты, емін-еркін болады. Семиотикалық таңбалардыңшарттыдеп аталуы осыдан.
Семиотикалық танбаларды өз ішінен сигналдьщ, символдық, тілдік, субституттық таңба деп бөлушілік те кездеседі.
Сигнал таңбалар — көру, есту арқылы қабылданатын таңбалар. Мұның қатарына қоңырау, дабыл, темір жолда, су жолында, дала жолдарында, көше бойында қолданылатын алуан түрлі белгілер жатады. Сигнал таңбалардың мағыналары олардың өз бойларынан тиск.;іри, шартты түрде жүктелген қосымша қызметтеріболғандықтан жағдайға қарай өзгеріп отырады. Мысалы: қоңырау бірде сабақтан шығуды білдірсе, енді бірде сабаққа кіруді білдіреді т. б.
Символ таңба көмекші таңбалардың басқа түрлеріне қарағанда анағұрлым күрделі, ол дерексіз, бейнелі ұғымдарды білдіреді. Мұның мағынасы жағдайға қарай түрленбейді, тұрақты болады. Бұған әр елдің мемлекеттік гербі, туы, мөрлері, жалаулары, әскери атақ-дәреже белгілері, октябряттық, пионерлік белгілер, значоктар, ордендер т. б. жатады.
Таңбаның бұл екі түрінде де олар білдіретін мағына таңба құрамына енбейді, таңбалык кызмет атқарушы материалдық көрсеткіштен тысқары болады, сондықтан бұларды бір жақты таңбалар деп атайды.
Жоғарыда аталған тілдік және соның бір көрінісі болып есептелетін субституттық (материалдық) таңбалар — лингвистикалық семиотиканың негізгі объектісі болып табылатын негізгі таңбалар. Олардың көмекші таңбалардың барлық түрлерінен де ерекше тұратын көптеген күрделі өзгешеліктері бар, сондықтан оларды ерекше бөліп алып қарау қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет