Емтихан билеті №1


Жалпы және лингвистикалық семиотикалар



бет60/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары

Жалпы және лингвистикалық семиотикалар.

Дыбыс тілі қатынас құралының ең маңызды түрі болғанымен, оны қолдану әрдайым мүмкін де, тиімді де бола бермейді. Кейде дыбыс тілі арқылы хабарлауға, білдіруге болмайтын жайттар өмірде жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда бір нәрсе жайында басқаларға хабар беру үшін сол хабардың шартты көрсеткіші ретінде әр түрлі материалдық белгілерді қолданған. Ондай шартты белгілер орыс тілінде знак, қазақ тілінде таңба деп аталады. Таңба ретінде кез келген затты, кез келген шартты белгіні қолдануға болады. Ондай шартты белгілер — материалдық жағынан да, білдіретін хабарының мазмұны, оны беру тәсілі мен таңбаның құрылымдық сипаты жағынан да алуан түрлі, ғылым объектісі болуға әбден жарайтын, мейлінше күрделі құбылыс. Осы себептен үстіміздегі ғасырдың 30-жылдарынан бастап, танбаларды зерттейтін семиотика деп аталатын дербес ғылым қалыптасты.


Семиотика — хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ғылым. Ол таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, қолдану процесіндегі құбылыстарын, таңбалардың бір-бірімен және өздері білдіретін мағынамен қарым-қатысын зерттейді.

  1. Жалпы семиотика мен тілдік семиотика. Жалпы семиотика бүкіл таңба атаулыға бірдей дәрежеде қолдануға болатын ортақ теория қалыптастыруды көздейді. Ол, таңбалар арасында болатын өзгешеліктерді, әсіресе тілдік таңбалардың спецификалык ерекшеліктеріне онша мән бермейді. Семиотика үшін тілдік таңбалар да, тілдік емес, көмекші таңбалар да бірдей, барлығы да хабар беруші, коммуникативтік қызмет атқарушы тұлғалар. Сондықтан олардың барлығы да бірыңғай ортақ заң — ережелерге бағынуы керек. Бірақ іс жүзінде семиотиканың теориялық тұжырымдары, кө-бінесе, тілге жатпайтын көмекші таңбаларға негізделеді, соларға тән сипаттарды басшылыққа алады. Ал тілдік таңбалар мен тілге жатпайтын таңбалар арасында түбірлі өзгешеліктер болады. Осы себептен семиотиканың жалпы теориялық тұжырымдары тілдік таңбалардың сырларын ашуда біраз септігін тигізетінімен, таңбалардың өзіндік сипаттарын, таңба мен ол білдіретін мағына арасындағы қарым-қатынасты айқындау мәселелеріндегі оның қағидалары тілдік таңба сипатына сай келмейді. Бұл жағдай тілдің таңбалық сипатын жалпы семиотикалық шеңберінде қалдырмай, одан бөліп алып, ерекше сөз етудің қажеттігін байқатады. Тілдік таңбаларды зерттейтін лингвистикалық семкотика ғылымын дүниеге келтірген де осы қажеттілік.

Тілдік семиотиканың объектісі — тілдің таңбалық сипатын зерттеу, тілдік таңбалардың тек өзіне ғана тән белгілерін, басқа таңбалар жүйелерінен ерекшеліктерін, таңбаның өзі білдіретін хабармен қарым-қатысын ашу. Лингвистикалық семиотика біраз мәселеде жалпы семиотиканың қағидаларына сүйенеді, соны басшылыққа алады. Өйткені, жалпы таңбаларға тән кейбір қасиеттер тілдік таңбада да болады, барлық басқа таңбалар сияқты тілдік таңба да сезім мүшелерінің біріне білінетін материалды болады, бір нәрсе жайын хабарлайды, коммуникативтік қызмет атқарады, белгілі бір мағынаға, мазмұнға бағытталады, онымен шартты қатынаста болады, өзі білдіретін мағынамен қатынасы еркін болады, олардың арасында табиғи байланыс болмайды, өз жүйесіндегі басқа таңбалардан бір немесе бірнеше айырым белгілері арқылы жекеленіп танылады.
Осындай ортақ сипаттармен қатар тек тілдік таңбаларға ғана тән, лингвистикалық семиотиканың қарауына жататын дара белгілер де аз емес. Олар кейінірек баяндалады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет