Емтихан билеті №1


Тіл біліміндегі психологизм



бет59/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары

Тіл біліміндегі психологизм.

Психологиялық бағыт. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген бағыт психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психологизм 19 ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. 19 ғасырдың екінші жатысындағы көрнекті тіл ғалымдарының көбі осы бағытты жақтады. Тіл психологиясының нысаны – адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық процестер. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің прфессоры Гейман Штейнтальды (1823-1899) жатқызуға болады. Кейініректе Штейнтальдың көзқарасын Харьков университетінің прфессоры Александр Потебня (1835-1891), неміс ғалымдары Вильгельм Макс Вундт (1832-1920), Герман Пауль (1846-1921), тағы басқалар қолдады. Тілдік құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету – 19 ғасырдағы лингвистердің көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктірді.


Психологиялық бағыттағылар өз ішінен индивидуалистік психологизм, әлеуметтік психологизм деп аталатын екі бағытқа жіктеледі.
Натуралистік немесе биологиялық бағыт. Натурализм латынның натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда 19 ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
Ғылымда натуралистер деп аталатындар – қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869) есімімен байланысты. Август Шлейхер — салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үндіеуропалық ататілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы мен генеалогиялық бірліктерін жан-жаұқты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі. Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазудағы зерттеулері арқылы тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) 19ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М.Бреаль, Швейцарияда Ф.де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И.Асколи, Россияда Ф.Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет