Таңба және оның түрлері. Таңба депбасқаларға білдірмекші болған белгілі бір хабардың орнына, қолданылатын сезіммүшелерініцбіріне білінетін заттық, құбылыстық, дыбыстық, сәулелік, әрекеттік, тағы солар сияқты белгілерді айтады. Белгілі нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық кәрсеткіш, яғни таңба, таңбалаушы деп аталады да, ол білдіріп тұрған мағына — таңбаланушы деп аталады. Мысалы: светофордың қызыл жарығы — таңбалаушы да, ол білдіріптұрған «жүруге болмайды» деген мағына таңбаланушы. Сондай-ақ шеберханалар маңдайшасындағытелевизор,радиоқабылдағыштардыңсуреттегі таңбалаушы да, олар білдіріп тұрған «осы заттар осы жерде жөнделеді» деген мағына таңбаланушы т. б.
Семиотикалық әдебиеттерде таңбаларды негізгі таңба, көмекші немесе жасанды тақба деп екіге бөлушілік бар. Негізгі таңба деп тілдік таңбаларды айтады. Оның негізгі болатын себебі ол алғашқы, басқа кемекші таңбалардың барлығы да соның негізінде туған, сол арқылы үғынылады. Осы себептен де ғалымдар тілдік таңбаны «барлығын да айтуға келетін» (А. Мартин), «барлық басқа семиотикалық таңбаларды аударуға болатын (Л. Ельмслев), «барлық типтегі таңбалардың оркестрі» (Т. Милевский) деп санайды.
Көмекші таңбаларды материалдық сипаттарына қарай төмендегідей түрлерге бөлушілік бар:
Графикалық таңбалар. Бұған математика, физика, химия, логика ғылымдарында қолданылатын таңбалар және әр түрлі жазулар, мөр таңбалары жатады. Бұлар керу мүшесі арқылы қабылданады. Оларға кейбір ғалымдар ымдау, нұскау белгілерін де, мылқаулардың мимикалық тілін де, әр түрлі іздер мен белгілерді де жатқызады.
Акустикалық таңбалар. Бұған сейлеу мүшелерінің артикуляциялары арқылы жасалатын таңбалар, белгілі мақсат үшін берілетін алуан түрлі дыбыстар жатады. Олардың барлығы да есту мүшесі арқылы қабылданады. Есту арқылы қабылданатын таңбаларды олардың жасалу тәсілдеріне қарай кейбір ғалымдар вокалды таңбалар, аспапты танбалар деп екіге бөледі де, алдыңғысына дыбыстау мүшелері арқылы жасалатын сигналдарды, соңғысына әр түрлі музыкалық аспаптар арқылы берілетін арнаулы сигналдарды, дабылдарды жатқызады.
Заттық таңбалар. Бұған жол бойына, кешелерге, кәсіпорындары мен мекемелердің маңдайшаларындағы таңбалар, белгілер, көрсеткіштер және әр әлеуметтік топтардың өздеріне тән киім түрлері мен формалары, значоктар мен гербтер, әскери белгілер, түрлі жалаулар арқылы берілетін сигналдар, хабарлар ен-таңбалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |