Емтихан билеті №1



бет6/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары

Графикалық таңбалар. Бұған математика, физика, химия, логика ғылымдарында қолданылатын таңбалар және әр түрлі жазулар, мөр таңбалар жатады.
Акустикалық таңбалар. Бұған сөйлеу мүшелерінің артикуляциялары арқылы жасалатын таңбалар, белгілі мақсат үшін берілетін алуан түрлі сигналдар, дабылдар, қонырау мен гудоктар жатады.
Заттық таңбалар. Бұған жол бойына, көшелерге, кәсіпорындары мен мекемелердің мандайшаларындағы белгілер, көрсеткіштер және әр әлеуметтік топтардың өздеріне тән киім түрлері мен формалары, значоктар мен гербтер, әскери белгілер, түрлі жалаулар арқылы берілетін сигналдар, ен-таңбалар жатады.
Ақша таңбалар. Бұған әр елдің, әр дәуірдің қағаз, күміс, бақыр ақшалар жатады.
Сәуле таңбалар. Бұған жарық арқылы берілетін әр түрлі белгілер, сигналдар –бағдаршамдар, су жолында қолданылатын маяктар, бакендер (су бетіне қауіпті жерлерге қойылатын қалқыма шырақтар)жатады.
Ымдау, нұсқау таңбалары. Бұл –семиотикалық таңбалардың ең күрделісі. Ол әр түлі дене қимыл –қозғалыстары арқылы беріледі.
Дыбыс тілі қатынас құралының ең маңызды түрі болғанымен, оны қолдану әрдайым мүмкін де, тиімді де бола бермейді. Кейде дыбыс тілі арқылы хабарлауға, білдіруге болмайтын жайттар өмірде жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда бір нәрсе жайында басқаларға хабар беру үшін, сол хабардың шартты көрсеткіші ретінде әр түрлі материалдық белгілерді қолданған. Ондай шартты белгілер орыс тілінде знак, қазақ тілінде таңба деп аталады.
20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап, таңбаларды зерттейтін семиотика деп аталатын дербес ғылым қалыптасты. Семиотика — грек сөзі, мағынасы — белгілі дегенді білдіреді.
Семиотика -- хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ілім, ол таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, крлдану процесіңцегі құбылыстарын, таңбалардың бір-бірімен және өздері білдіретін мағынамен кдрым-кдтынасын зерттейді.
Семиотика – 20 ғасырдың 20-30-жылдарында ғана қалыптасқан жас ғылым болғанымен, әр түрлі материалдық белгілерді хабаршы таңба ретінде қолдануды адамдар ежелгі заманнан бастап-ақ білген. Сондай-ақ, атқаратын қызметі жағынан алғанда сөйлеу тілінде де жалпы таңбаларға тән сипаттардың барлығын, сондықтан оны да жалпы таңбалар тобында қараудың керектігін ежелгі заман ойшыларының өздері де айтқан. Аристотель ауызекі айтылған сөздер – ойдағы түсініктің символы, ал жазу — сөздің символы деген. Кейінгі заманда өмір сүрген Гоббс, Локк, Лейбниц т.б. философтар тіл – таңбалар жүйесі деп есептеген. Тілде таңбалық сипаттың барлығын 19 ғасырдағы көрнекті тіл ғалымдары — Ф.Бопп мен В.Гумбольдт та айтқан.=


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет