Емтихан билеті №1


Тіл білімі және психология



бет4/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары

2.Тіл білімі және психология.Тіл білімі психологиямен де байланысты. Психология түйсік пен қабылдауды, ес пен ойды, сезім мен зейінді зерттейді. Ал бұлардың сөйлеу процесіне (оны қабылдап, түсіну процесіне) тікелей қатысы бар. Өйткені біреудің айтқанын қабылдау, оны ұғыну процесі болмаса, қарым-қатынас жасасу, пікір алысу да болмаған болар еді.
Адам сөз арқылы белгілі бір затты атап кана қоймайды, сонымен бірге, сол затқа (іске, құбылысқа) өзінің қатынасы мен оған қалай қарайтындығын да білдіреді. Яғни тіл ойды білдірудің ғана құралы емес, сезімді де білдірудің құралы. Мысалы; жаман, жексұрын, сұмпайы, сұмырай немесе құмар, іңкәр, ынтазар т.б. Бұл сөздер (синонимдер) бір-бірінен эмоциялық бояуы жағынан ажыратылады.
Сөйлеу процесіне жоғары нерв жүйесі де қатысады, яғни сөйлеу жоғары нерв жүйесінің қызметімен байланысты. Жоғары нерв жүйесі жақсы жетілсе, сөйлеу де жақсы жолға қойылған ден есептеледі. Тілдің күрмелуі, кекештену, жақсы сөйлей алмау — мидың зақымдануынан болады. Психиаторлар, дефектологтар, логопедтер сөйлеуді жоғарғы нерв жүйесінің, мидың қызметімен байланыстыра қарастырады.
Тіл білімі психологиямен де байланысты. Психология психологиялық құбылыстарды атап айтқанда, түйсік пен қабылдау, елес пен ой, сезім мен тілек, бейімділік пен қабілет, ерік сапалары мен мінез белгілерін зерттейді. Ал аталған психикалық құбылыстардың, мысалы түйсік пен қабылдаудың, елес пен ойдың, сөйлеу процесінде тікелей қатысы бар заттың біздің санамызда сақталған атаумен байланысты –психикалық байланыс. Заттардың өзіне тән белгілері бойынша –психикалық байланыс. Заттардың өзіне тән белгілері бойынша атаулы және ол белгілердің таңдалынып алынуы- психологиялық факт. Психология тілдік құбылыстардың мазмұнын ашып айқындауға көмектесу мүмкін. Бірақ тілді бір жақты психологиялық тұрғыдан қарастыру қате болды. Әр басқа тілдегі септіктердің, шақ формалары мен шырай формаларының, грамматикалық род формалары мен жіктелудің, синтетикалық формалар мен аналитикалық формалардың түрліше болуын ұлттардың психикалық склад айырмашылықтары арқылы түсіндіру, әрине, мүмкін болмаған болар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет