Жер шарының флоралық патшалығының бірі, аудан бойынша екінші орында және түрлердің байлығы мен әртүрлілігі бойынша бірінші орында. Палеотропиялық патшалық оңтүстікке қарай Африканы алып жатыр (Кап облысына тиесілі шағын оңтүстік-батыс бөліктен басқа), Арабияның оңтүстік-батыс бөлігі, Үндістан, Қытайдың оңтүстік бөлігі, Филиппин, Малай архипелагы, Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия және Тынық мұхит аралдары. Тынық мұхитында солтүстік шекара Тайвань мен Гавай аралдарынан өтеді. Атлант мұхитында Әулие Елена аралы және Вознесения аралын алып жатыр.
Бұл патшалықтың өте бай флорасында шамамен 40 эндемиктік тұқымдастары бар, олардың ішінде атап өткен жөн: Непентес (Nepenthacea), Диптеркарп т.б. А.ЛТахтаджян бойынша Палеотропиктік патшалығының бөлінісі (1978). Палеотропиктік патшалық. Облыстар: 10 – Гвинео – Конголездік; 11 – Судан – Замбезилық; 12 – Карру – Намиб; 13 – Әулие Елена аралдары; 14 – Мадагаскар; 15 – Үнділік; 16 – Үнді – Қытайлық; 17 – Малезийлық; 18 – Папуастық; 19 – Фиджийлік; 20 – Полинезиялық; 21 – гавай; 22 – жаңа каледондық;
Биогеографияның негізгі түсініктері мен бөлімдері
Биогеография - өсімдік және жануарлар географиясына бөлінеді. Өсімдік географиясы - өсімдіктердің таралуы ареалын зерттейтін бөлімі. Өсімдік географияның өсімдіктің түрін, туысын тағы басқа таксономиялық котегорияларының табиғатта таралу аймағын- ареалын зерттейтін саласын фитохорология дейді. Өсімдік географияның флористикасы бір аймақта таралған өсімдік түрлерін, флорасын, ал өсімдік географияның экологиясы өсімдіктің тіршілік ортасына бейімделуін зерттейді. Өсімдітің таралуы туралы мағлұматтарды ертедегі дүние ғалымдары (Теофраст) еңбектерінен де көруге болады. Ал нақты мағлұматтар 18 ғасыр натуралистері француз ботанигі Ж.П.де Турнефор, швед ғалымы К.Линней, орыс академигі П.С.Паллас тағы басқа еңбектерінде өсімдік география жөнінде көптеген наөты мәліметтер келтірген, 18-19 ғасырда өсімдік география ғылымның жее саласы болып қалыптасуына неміс натуралистері К.Вильденов, А.Гумбольд көп еңбек сіңірді.