Кап патшалығы
Аустралия патшалығы
Флористикалық аудандастыру. Бореалдық патшалықша.
Бореалды патшалықша Голарктикалық патшалық арасындағы -ең көлемдісі, ол бай флорасымен сипатталады, басқаларымен салыстырғанда эндемиктік түрлер мен тұқымдастар анағұрлым көбірек. Оларды 4 облысқа бөліп қарастырады:
1. Циркумбореальды (Еуропа-Сібір-Канада) облысы. Қылқанжапырақтылардан қарағай (Pinus), шырша (Picea), май қарағай (Abies) және балқарағай (Larix) түрлері кеңінен таралған. Жалпақ жапырақты ормандарда: емен (Quercus), шамшат (Facus), қайың (Betula), терек (populus), тал (Salix), сондай-ақ қара бүлдірген (Rubus), долана (Crataegus), алмұрт (Purus), алма (Malus), шетен (Sorbus), ит бүлдірген (Vaccinium). Циркумбореальды облыс флорасында эндемиктік тұқымдастар жоқ, бірақ мұнда эндемиктік түрлер бар.
2. Шығыс Азия (Жапония-Қытай) облысы. Бұл облыс флорасы бай және ерекше. Мұнда 14 эндемиктік тұқымдас пен 300-ден астам эндемитік түрдің болуы ерекше. Эндемиктік тұқымдастардан ежелгі гинктер (Ginkgoacea) троходендрон (Trochodendraceae) тұқымдастары; эндемиялық туыстардан Рут тұқымдасының барқыт ағашы өседі. Эндемиктік түрлерден:бамбук түрлері, трахикарпус пальмасы, қылқанжапырақтылардың көптеген түрлері -криптомерия және метасеквойя. Флораның дамуы геологиялық ұзақ уақыт барысында үзілмеді.
3.Атлантикалық-Солтүстік Америкалық облыс флорасы өте бай және эндемизмнің едәуір жоғарылығымен сипатталады. Мұнда 2 эндемиктік тұқымдас және көкнәр, раушангүлді, шыршагүлділер тұқымдасынан шамамен 100 эндемиктік түрі бар. Түр эндемизмі өте жоғары. Бұл облыста бай орман флорасы шоғырланған (магнолия, емен, лаврдың түрлері), үйеңкінің түрлері алуан түрлі, оған ақ акация тән (Robbina pseudoacacia).
АҚШ-тың Атлант жағалауының, әсіресе Аппалачтың флорасы Шығыс Азия флорасымен ұқсастығына ғалымдар бұрыннан назар аударды. Бұл түрлер мен туыстардың жалпы санының едәуір көп болуымен байланысты, дегенмен Шығыс Азия флорасының ерекшелігі түгелімен анағұрлым бай және құрамында қарапайым формалар көп. Жалпы түрлердің арасында тек 2 түрден тұратындары да бар әрбір облыста біреуден, мысалы, магнолия тұқымдасынан (Liriodendron) қызғалдақ ағашы. Бұл Азия мен Солтүстік Американың аралығында байланыстың болғандығына дәлел болады.
Достарыңызбен бөлісу: |