түр (species) – морфологиялық тұрғыдан бірдей жиынтық;
туыс (genus) – жақын түрлердің жиынтығы;
тұқымдас (familia) – жақын туыстар жиынтығы;
қатар (ordo) - туыстық тұқымдастардың жиынтығы;
класс (classis) - туыстық қатарлар жиынтығы;
бөлім (divisio) – туыстық кластардың жиынтығы]
Жоғары сатылы өсімдіктердің маңызды қасиеті Жер бетіндегі өсімдік жамылғысының құрамында ролі ерекше - фотосинтез процессің жүруі. Фотосинтез процесі күннің энергиясы көмегімен жүреді, су және көмірқышқыл газы әрекеттесіп қосылып нәтижесінде органикалық зат (крахмал) түзіледі және оттегі пайда болады. Жасыл өсімдіктер пайда болғанға дейін оттегі қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерінің әсерімен су буының диссоциациясы нәтижесінде түзілді. Жасыл өсімдіктер пайда болғаннан кейін фотосинтез процесінің нәтижесінде атмосфераның оттегімен толығуы жүрді. Жердегі тіршілік үшін негізгі энергия көзі – күн сәулесі. Оның басқа формаға өтуі – тек қана өсімдік клеткасында жүреді. Бұл процесстегі басты орындаушы – хлорофилл. Ол күн энергиясын өзіне алып оны фотосинтез процесінің жүруіне бағыттайды. Күн сәулесінің энергиясы химиялық заттардың энергиясына айналып өсімдікте жинақталады, тіршілік ету кезінде шығындалады. Бұл өсімдіктер адам өмірінде де маңызды рөлді атқарады.
жоғары сатыдағы өсімдіктердің систематикасы
Биоценоз және оның құрылымы.
Биоценоз (био... және гр. koіns — жалпы) — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы; Құрлықтың немесе судың белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ, өзара және тіршілік ортасының табиғат жағдайына бейімделген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдержиынтығы; тірі ағзалар бірлестігі.
Биоценоз терминін неміс гидробиологы К. Мебиус ұсынған (1877). Биоценоз — биогеоценоз құрайтын организмдердің жиынтығы. Олар тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, т.б. эволюция факторларының нәтижесінде қалыптасады. Биоценоз барлық организмдердің белгілі бір жер көлеміндегі биологиялық жиынтығы мен биологиялық өнімділігі және олардың құрылымы арқылы сипатталады. Биоценоздың кеңістік құрылымы бірдей емес түрлердің кеңістікте бір-біріне сәйкес орналасуын (мысалы, орман қабаттары), түрлік құрылымы бүкіл организмдердің түрлік құрамын және олардың құрамындағы жеке түрлердің сан мөлшерін, ал, қоректік құрылымы қоректік тізбектердің ерекшеліктерін білдіреді. Табиғаттағы зат алмасу процесіне байланысты Биоценоздағы организмдерді 3 топқа бөледі: