Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»



бет38/106
Дата13.03.2023
өлшемі5,83 Mb.
#172100
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   106
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ÐÀ?òàðû «5Â060900-«Ãåîãðàôèÿ»
pdf 20230424 230607 0000
3.Сахара-Аравия облысы
Алып жатқан аумағы: Африканың Жерорта теңізі жағалауы, Араб түбегінің бөлігі, субтропиктік климаттық белдеудің бөлігі болып табылатын аудандар. Атластың таулы аймақтарын, шөлдердің бір бөлігін алады.
Флорасы онша бай емес (шамамен 1500)түр, оның ішінде жергілікті түрлері-300. Жерортатеңіздік және Иран-тұрандық өсімдіктер біршама көп, мысалы түйе тікенегі (Alhagi) және жүзгін (Calligonium). Облыстың оңтүстік бөлігінде Судан флорасының өкілдері - түрлі акациялар таралған. Эндемиктік түрлер аз емес, ал түрлік эндемизм 25%-дан кем емес.Сабақты және жапырақты етті ірі суккуленттер- алоэ, сүттіген түрлері, құмды шөлде өсетін дәнді аристид түрлері тән. Өсімдік жамылғысында шөлді және шөлейтті өсімдік түрлері басым.
4.Иран-Тұран облысы
Алып жатқан аумағы: Оған Тұран ойпатының, Иранның таулы аймақтарының, Орталық Азияның аумақтары кіреді.
Флорасы түрдің біршама жоғарылығымен және түр эндемизмінің өте жоғарылығымен сипатталады (25%). Облыс үшін акантолимон түрлері (Acantholiman), астра тұқымдасынан кузиния (Cousinia) тән. Ең бай флора Иран таулы қыратында, ал Орталық Азия флорасы кедей болып келеді. Облыстың батыс бөлігі (әсіресе Иран таулы қыраты) Иран-Тұран флорасының қалыптасуындағы негізгі орталықтардың бірі ретінде қарастырылады. Мұнда жүзгін, кермек (Limonium), аконтолимон, жусан (Artemesia), қызғалдақ, жуа, сарыгүл т.б. түрден тұратын эндемиктер көп.



  1. Ареалдардың типологиясы

Белгілі бір түр популяциялары немесе тірі организмдердің басқа жүйелі тобы үнемі ұзақ уақыт бойы кездесетін жер бетінің немесе акваторияның бөлігі географиялық ареал деп аталады.
Ареалогия ареалдар жөніндегі биогеографияның маңызды салаларының бірі болып табылады. Ареалогияның негізгі міндеті - түрлердің, тірі ағзалардың жүйелік таксондарының географиялық таралу заңдылықтарын талдау.
Ареалдардың типологиясы бір уақытта қарапайым және күрделі. Ареалдарды сипаттамасы, картадағы геометриясы, хорологиясы (кеңістіктік айқындылығы) бойынша бөлу оңай. Барлық ареалдар тұтас (үздіксіз) және дизъюктивті (бөлінген) ареалдарға ажыратылады.Тұтас ареал - бір түрдің бөлінбей бүтін болып бір аймақты мекен ететін ауданы. Кейбір жағдайларда бұл ареалдар сызықтық формаға ие. Мысалы сібір шыршасының ареалы, ақ аю ареалы.
Дизъюнкция - ареалдың бөлінуі немесе бір-бірінен ажырауы. Себептері: тарихи геологиялық өзгерістер, ауа райы,жер бетінде жылдың төрт мезгілінің сақталмауы,ылғалдылықтың жер бетінде бірдей болмауы,жел, топырақ және адамзат әсері үлкен рөл атқарады. Климаттық дизъюнкциялар өте жиі кездеседі. Олардың түрлену модельдер көп болуы мүмкін. Континентаралық дизъюнкция көбіне жаһандық тектоника механизмімен түсіндіріледі. Осындай түсіндірме хронологиялық қиындықтарға әкеледі: Лавразия мен Гондвананың құлдырауы дизъюнктивті ареалдары бар қазіргі түрлердің пайда болуынан бұрын басталған. Мысалы: Көгілдір сауысқан ареалы, магнолия тұқымдастарының ареалы.

Бір аймақта бұрынғы фауна мен флораның қалдықтары ретінде сақталған түрлер географиялық реликтілер деп аталады. Олардың әрқайсысы алып жатқан тіршілік кеңістігі- реликті ареал. Реликті ареалдар орындары әдетте шағын немесе бірнеше оқшауланған бөліктерден тұрады. Мысалы: Оңтүстік-Шығыс Қытайдағы  екіқалақты гингко (Gingko biloba), АҚШ-тың батыс жағалауындағы секвойя (Seguia),1938 жылы ОАР жанынан Үнді мұхиттан, Комор аралдары жанынан 1952 жылы табылған саусақ қанатты латимерия балығы (Latimeria chalumnia).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет