Мадреан (Сонор) патшалықшасы Солтүстік Америка мен Мексика таулы қыратының оңтүстік-батыс бөлігінің флорасы бореальды және Ежелгі Жерортатеңіздік патшалықшадан ерекшелігі – толық және өз алдына патшалықша ретінде қарастыруға болады. Патшалықша флорасының дамуы ежелгі жерорта теңіздік патшалықша флорасынан тәуелсіз жүріп жатты. Кейбір ортақ түрлер бар, мысалы, қойбүлдірген ағашы, емен, жидек, арша, фисташка т.б. Патшалықшада тек қана бір облыс Мадреан облысы бар. Флорасы эндемиктік тұқымдастар қатарымен сипатталады, яғни ұзақ уақыт бойы ол оқшау түрде дамыды. Түр эндемизмі шамамен 40%-ды құрайды. Эндемиктік түрлер көп, олардың ішіндегі ерекше ірісі -карнегия кактустұқымдастың өкілі. Бұл 10-12 м биіктікке жететін кактустар Сонор шөлінде таралған. Облыстағы танымал эндемик түрлері: Калифорния жағалауы маңындағы тауда өсетін мәңгі жасыл секвойя мен Сьерра-Невада тауларындағы алып секвойадендрон - мамонт ағашы.
Палеотропикалық патшалық.
Жер шарының флоралық патшалығының бірі,аудан бойынша екінші орында және түрлердің байлығы мен әртүрлілігі бойынша бірінші орында. Палеотропиялық патшалық оңтүстікке қарай Африканы алып жатыр (Кап облысына тиесілі шағын оңтүстік-батыс бөліктен басқа), Арабияның оңтүстік-батыс бөлігі, Үндістан, Қытайдың оңтүстік бөлігі, Филиппин, Малай архипелагы, Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия және Тынық мұхит аралдары. Тынық мұхитында солтүстік шекара Тайвань мен Гавай аралдарынан өтеді. Атлант мұхитында Әулие Елена аралы және Вознесения аралын алып жатыр.
Бұл патшалықтың өте бай флорасында шамамен 40 эндемиктік тұқымдастары бар, олардың ішінде атап өткен жөн: Непентес(Nepenthacea), Диптеркарп т.б. Африкадан Полинезияға дейінгі үлкен кеңістікке созылған палеотропикалық патшалық өте дифференциалданған және оның шегінде 5 патшалықшаға жіктеуге болады: Африкалық, Мадагаскар, Үнді-Малезия, Полинезия және Жаңа Каледон. Палеотропиктік патшалық. Облыстар: 10 –Судан – Замбезилық; 11 – Гвинео – Конголездік; 12 – Карру – Намиб; 13 – Әулие Елена аралдары; 14 – Мадагаскар; 15 – Үнділік; 16 – Үнді – Қытайлық; 17 – Малезийлық; 18 – Папуастық; 19 – Фиджийлік; 20 –гавай; 21 – Полинезиялық; 22 – жаңа каледондық;