Неогея патшалығы
Неогей патшалығы. Патшалық орталық және Оңтүстік Американы (шеткі оңтүстіктен басқа) және Кариб теңізі аралын алып жатыр. Бұл аймақтың фаунасы бай және алуантүрлі, Бұл Оңтүстік Американың басқа құрлықтардан оқшаулаудың тарихи ұзақ кезеңіне байланысты, нәтижесінде фауна эндемизмнің жоғары деңгейімен, үлкен бірегейлігімен және сонымен қатар ақаулықпен (мысалы, мұнда жәндік сүтқоректілер мүлдем жоқ) ерекшеленеді.
Сүтқоректілердің арасында Неогеяға эндемиктер толық емес тістілер отрядының 3 тұқымдастары - жалқаулар(ленивецы), брондыкемелер (броненосцы) және құмырсқажегіштер. Қалталылар Андының таулы ормандарында мекендейді опоссум тұқымдастары тән. Приматтар кеңмұрынды маймылдардың эндемиялық тұқымдасына 2 түрі жатады: тізбек құйрықты (Капуцин) және ойынақы тәрізді. Әсіресе кеміргіштер әртүрлі: теңіз шошқасы, салмағы 60 кг дейінгі әлемдегі ең ірі кеміргіш-капибара кеміргіші, агутий тұқымдастары, хутийлер, шиншиллалар. Тақ тұяқтылар тұқымдастарынан Неотропикалық облыста салпыерінділер тұқымдастары(тапирлер) бар. Түйе тәрізділер жергілікті екі түрмен көрсетілген: лама және викунья. Жыртқыштар алуан түрлі мысықтар тұқымдастарынан: ягуар, оцелот, онцилла, пампас мысығы кездеседі.
Неотропиктарда құстар алуан-түрлі: Солтүстік нанду Бразилияның пампастары және Аргентинда мекендейді, тинаму тәрізді (тинамудың 50 түрі, немес), торғайтәрізділерден: топоколо, қырықбуынжегіш, құмырсқа ұстағыштар, ағашөрмелегіштер, манакиндер, котингтер, шөпкесушілер және т.б. - 800 түрі бар. Эндемиялық тұқымдастардың саны 25-тен кем емес : тырнатәрізділер кариам,құтан тұқымдастары,тепкілі қаздар, попугайлар ерекше, қысқа құйрықты амазонка тотықұстар және ұзын құйрықты ірі жарқын аралар кездеседі. Бұл жерде тоқылдақ тәрізділерден тукандар және Оңтүстік Американың ең танымал құстары колибри.
Неотропиктердің рептилиялары: кайман немесе мускус тасбақалардың тұқымдастары таралған; сутасбақалары аз, көпшілігі құрлық тасбақалар, барлығы екі түрді қамтиды. Кесірткелер арасында игуаналар алуан-турлі. Неотропикте жыландар: нағыз айдаһар жыландар, ағаш айдаһар жыландар,, улы жыландары- коралл аспидтерінің эндемиялық түрі, Бушмейстер - Американың ең ірі улы жыланы, ұзындығы 3,6 м. Неотропиктерге тән аллигаторлардың үш тұқымдастары және бес түрі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |