Сабақтың тақырыбы: Адам эволюциясының бағыттары. Адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері Сабақтың мақсаты



Дата05.06.2017
өлшемі179,67 Kb.
#18104
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ № 42

Пән: биология Сынып: 11 «А» Күні: 11.02.2015

Сабақтың тақырыбы: Адам эволюциясының бағыттары. Адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға адам эволюциясының бағыттары және адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері жөнінде мағлұмат беру, өздігімен ізденуге баулу;

2. Дамытушылық: Оқулықпен және кестемен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту;

3. Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас (бекіту сабағы)

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау

Көрнекіліктер: кесте

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:



  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын сұрау

«ҰБТ бұрышы»

  1. Адамдардың пайда болу кезеңі: Антропоген

  2. Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін зерттейтін ғылым саласы: антропология

  3. Алғашқы қылқанжапырақтылар шықты: Палеозой

  4. Алғашқы құс – археоптерикстің шыққан кезеңі: Юра

  5. Алғашқы құрлық өсімдіктері: Псилофиттер

  6. Алғашқы прокариоттар пайда болды: Архей

  7. Алғашқы құс – көнеқұс пайда болды? Мезозой

  8. Ежелгі заманның атауы: Архей

  9. Ерте палеозойға жатады? Кембрий

  10. Ең ұзақ мерзімге созылған заман: Архей

  11. Жер бетіндегі алғашқы организмдер: Протобионттар

  12. Жер бетінде тірі ағзалар қай заманда пайда болды? Архей

  13. Көпжасушалы балдырлар өсті: Протерозой

  14. Қай дәуірде жалаңаш тұқымдылар кеңінен таралды? Мезозой

  15. Қай дәуірде өсімдіктер судан құрлыққа шықты? Палеозой

  16. Органикалық дүниенің даму кезеңдері: Архей, пртоерозой, палеозой, мезозой, кайнозой

  17. Палеозой кезеңі: Девон

  18. Парапитектің пайда болуы: Кайназой

  19. Палеозой эрасының қай дәуірінде өсімдіктер құрлыққа шықты: Силур

  20. Папоротник тәрізділердің жер бетінде кеңінен таралу дәуірі: Палеозой

  21. Псилофиттерден пайда болды? Папоротниктер

  22. Приматтардың миы және сезім мүшелері дамыды? Кайнозой

  23. Силур, девон кезеңдері жататын заман: Палеозой

  24. Теңіз ішекқуыстылары, буылтық құрттар, ұлулардың басым көпшілігі дамыған заман: Протерозой

Сынақөтем сұрақтары:

  • Тіршіліктің ежелгі, өліп біткен формаларын зерттейтін ғылым

  • Таужыныс жасын дәлмедәл анықтауға жәрдемдесетін осы заманғы әдіс

  • Таужыныстар әлі шығып қалыптаспаған кездегі Жердің даму кезеңдері

  • Ғаламшарымыздың геологиялық және биологиялық даму тарихы бейнеленетін шкала

  • Өткен тіршіліктің ғалымдар тапқан барлық іздері нені жасауға жәрдемдесті?

  • Архей және протерозой замандарының эонға бірігуі

  • Мезозой және палеозой замандырының эонға бірігуі

  • Жер тарихында қай заман бірінші болып бөлінеді?

  • Жер тарихында қай заман ең ұзақ болып бөлінеді?

  • Тірі ағзалар қай заманда пайда болды?

  • Фотосинтез қай заманда пайда болды?

  • Эукариоттық және көпжасушалық қай заманда пайда болды?

  • Төменгі сатыдағы өсімдіктер қай заманда пайда болды?

  • Архей заманында қанша кезеңдер болды?

  • Палеозой заманында қанша кезеңдер болды?

  • Протерозой заманында қанша кезеңдер болды?

  • Мезозой заманында қанша кезеңдер болды?

  • Кайнозой заманында қанша кезеңдер болды?

  • Тас көмір қай заманда (кезеңде) қарқынды түзіліп жинақталады?

  • Жоғары сатыдағы өсімдіктер қай заманда пайда болды?

  • Омыртқасыз жануарлардың барлық типтері қай заманда пайда болды?

  • Тірі ағзалар қай заманда құрлыққа шықты?

  • Ашық тұқымды өсімдіктер қай заманда пайда болды?

  • Жабық тұқымды өсімдіктер қай заманда пайда болды?

  • Алғашқы нағыз омыртқалы жануарлар қай кезеңде пайда болды?

  • Алғашқы өрмекші тәрізділер қай кезеңде пайда болды?

  • Алғашқы бунақденелілер қай кезеңде пайда болды?

  • Алғашқы қосмекенділер қай кезеңде пайда болды?

  • Алғашқы бауырымен жорғалаушылар қай кезеңде пайда болды?

  • Алғашқы құстар қай кезеңде пайда болды?

  • Алғашқы сүтқоректілер қай кезеңде пайда болды?

  1. Жаңа тақырып

Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.

Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады.



  • Оларға ежелгі адамдар (архантроптар),

  • ертедегі адамдар (палеоантроптар) және

  • қазіргі адамдар (неоантроптар) жатады.

Бас сүйек: 1. Дриопитек 2. Аустралопитек (ми көлемі: 450 - 650см3) 3. Питекантроп ( ми көлемі: 750 - 1100см3) 4. Неандерталь адамы(ми көлемі: 1400см3) 5. Кроманьон адамы (ми көлемі: 1400 - 1500 см3) 6.Саналы адам (ми көлемі: 1600см3)



Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эжен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің "Pithekos"маймыл және "anthropos" — адам сөзінен — алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 г, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен.

Архантроп
Питекантроп

Питекантроптың ортан жілігінің құрылысы адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға, ал кей белгілерінің адамға ұқсастығына байланысты оған маймыладам (питекантроп) деген ат берілді. Кейіннен оның қаңқа қалдықтары Қытай, Германия, Венгрия, Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де табылды. Питекантроптың қаңқа қалдықтары табылған кезде, әлі де аустралопитектердің де, епті адамдардың да қаңқа қалдықтары табылмаған еді. Сондықтан көп уакытқа дейін питекантроптар адамтектес маймылдар мен адамдар арасын байланыстыратын тіршілік. Питекантроптар иесі саналып келді. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға (ежелгі адамдарға) немесе тік жүретін адамға ("ноmо erectus") жатқызады. Ежелгі адамдардың сыртқы дене құрылысының едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олардың бәрін бір ғана түрге жатқызады. Архантроптар жер бетінде бұдан 1 млн жыл мен 500 мың жылдар аралығындағы кезеңде тіршілік еткен. Бұларды қаңқа қалдықтарының табылған жерлеріне сәйкес питекантроп, синантроп (қытай адамы), гейдельберг адамдары деп те атайды. Ежелгі адамдардың сыртқы белгілері аустралопитектермен, епті адамдармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсас әрі миының салмағы да үлкен. 750, 900 г, кейде 1000—1100 г-дай. Архантроптардың бойының ұзындығы 165—170 см, бұл белгілердің бәрі де олардың қазіргі адамдарға едәуір ұқсас екендігін дәлелдей түседі. Дегенмен архантроптардың қас үсті доғасы айқын байқалады әрі маңдайы тайқы және жазық, иегі алға қарай шығыңқы емес. Ежелгі адамдардың жақ сүйектері ірі, бас сүйегінің бет бөлімі жақсы дамыған, ал ми сауыты әлі де кішілеу.

Архантроптардың бір тобы — синантроптар (қытай адамы) Шығыс Азия аймағында тіршілік еткен. Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды. Олар аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған. Синантроптардың көп белгілері питекантроптармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсайды. 1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған. Оны ғалымдар Гейдельберг адамы деп атап, архантроптарға жатқызды. Архантроптардың тіршілік әрекеттерінде де күрделі өзгерістер болғандығы байқалады. Олар көбіне ірі жануарларды ұжымдасып аулаған, отты пайдалана білген. Тастан құралдар жасауды жетілдірген. Тұрмыс қажетіне қарай тастардың шеттерін өткірлеп, үшкірлеп шапқыға, кескіге, қашауға ұқсас құралдар жасай білген. Архантроптардың тарихи даму кезеңіндегі негізгі ерекшеліктің бірі— сөздің пайда болуы. Сөз ежелгі адамдар арасындағы басты қарым- қатынас құралы болған. Өйткені олардың миының маңдай және самай бөліктерінің жақсы дамуы, дыбыстық ақпаратты қабылдау қабілетінің жақсы жетілгендігіне дәлел болады. Архантроптардың қаңқа қалдықтары Орталық және Солтүстік Африкадан, Оңтүстік Еуропа мен Алдыңғы Азия өңірінен де көптеп табылған. Бұл аймақтардан кейіннен архантроптар бірте-бірте Еуропа мен Азияның басқа да жерлеріне таралған деген пікірлер бар. Қазақстан жерінде де ежелгі адамдардың қоныс мекендері, пайдаланған тас құралдары мен аулаған жабайы жануарларының қаңқа калдықтары көптеп табылды. Басқалардың қаңқа калдықтары табылған емес. Соңғы жылдары Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары соны дәлелдейді. Тас дәуіріне қатысты тастан жасалынған құралдар Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Алтын Қолат жайлауының маңынан табылған. Кейіннен мұндай тас құралдар Жамбыл облысы Қызылту елді мекенінен де табылды. Осындай зерттеулер нәтижесінде ғалымдар Қазақстан жерінде ежелгі адамдардың қоныс мекендері шоғырланған бірнеше аймақты анықтады. Ондай аймақтарға Маңғыстау, Үстірт, Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Солтүстіктегі ұсақ таулы Көкшетау және Нарын- Бұқтырма, Ертіс маңы жатады. Архантроптар, негізінен, үңгірлерде өмір сүрген. Көптеген ғалымдар орталық немесе солтүстік Африка жеріндегі архантроптардың топтарынан казіргі адамдар пайда болған деген пікірді қолдайды. Архантроптардан бастап қазіргі адамдардың келіп шығуы 500 мың жылдай уақыт аралығын қамтыған. Архантроптардың эволюциясында ми салмағының артуы, қоғамдасып тіршілік ету, еңбек құралдарын жетілдіре түсу және отты пайдалану — эволюцияның басты бағыттары болды. Дегенмен де архантроптардың эволюциялық дамуында биологиялық факторлар, соның ішінде табиғи сұрыпталу басты рөл атқарған.

  1. Жаңа тақырыпты бекіту

Сұрақ-жауап:

Адам эволюциясында қандай кезеңдерді ажыратады?

Синантроптарға сипаттама беріңдер.

Архантроптардың қандай топтары тіршілік еткен?

Архантроптардың эволюциясындағы бағыттарды атаңдар.

Архантроптардың дене құрылысындағы негізгі белгілерді сипаттаңдар.

Питекантроптардың қандай белгілері маймылдарға, қандай белгілері маймылдарға ұқсас болған?

Архантроптардың жеке топтарының миының көлемінің артуын және соған сәйкес тұрмыс салтын сипттаңдар.

Архантроптардың қоныс мекендері және пайдаланған еңбек құралдары Қазақстанның қандай аймақтарынан табылған?

Архантроптардың жеке топтарының қаңқа қалдықтары дүние жүзінің қандай аймақтарынан табылды?



! Ежелгі адамдардың негізгі топтарына сипаттама беріңдер.

  1. Оқушыларды бағалау

  2. Үйге тапсырма беру: §29, бет118-121

Каталог: uploads -> doc -> 0d1d
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d1d -> Сабақ Кулшанбаева Гулбану Мусагалиевна
0d1d -> Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың көрнекілігі : слайд, кестелер, семантикалық карта, БҮҮ кестесі
0d1d -> Web-дизайн
0d1d -> Сабақ түрі, өткізу үлгісі: аралас сабақ Сабақтың мақсаттары
0d1d -> Сабақтақырыбы : Квадрат теңдеулерді және оған келтірілетін теңдеулерді шешу
0d1d -> Сценарий аталуы: «Менің- отаным Қазақстан»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет