Емтихан сұрақтары Еңбек құқығының пәні және әдісі,қағидалары, қайнар көздері


Ортақ бірлескен меншік құқығының ерекшеліктері



бет22/31
Дата22.06.2020
өлшемі0,62 Mb.
#74241
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
Азаматтық құқық толық

Ортақ бірлескен меншік құқығының ерекшеліктері

Ортақ бірлескен меншік. Ортақ үлесті меншікке қарағанда ортақ бірлескен меншік құқығындагы үлестер бөлінбеді. Үлесті еншілеу бірлескен меншікті бөлгенде немесе еншілегенде оның тоқтаған немесе өзгерген сатысы ретінде бола алады.

Ортақ бірлескен меншік, үш түрде болады: ерлі-зайыптылардың меншігі, шаруа (фермер) қожалығының меншігі, жекешелендірілген тұрғын үйге меншік (АК-ның 219-бабының 1-тармағы). Заң құжаттарыңда бірлескен меншіктің басқа да түрлері көзделуі мүмкін. Бірақ қазіргі кезде бірлескен меншіктің жоғарыда керсетілгендерден басқа түрлері қарастырылмаған.

Ортақ бірлескен меншік, ол заң құжаттарында көзделген кезде және бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен өзгедей көзделмеген кезде және ол кез келген уақытта үлесті меншікке айнала алатын болса, белгіленеді.

Бірлескен меншіктің қатысушыларының шеңбері заңмен анықталатын және олардың отбасылық қатынастарымен байланысты божандықтан бірлескен меншік қүқыгы құқық мирасқорлығы ретінде басқа адамдарға өте алмайды. Ортақтас меншік иелері бірлескен меншік құқығын емес, бірлескен меншіктегі мүлікті иеліктен шығара алады.

Бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады (АК-ның 220-бабының 2-тармағы). Бірақ бұл келісім тек болжамданады және ол әрбір жағдай сайын бірлескен меншікгін басқа қатысушылары тарапынан көрініс табуы қажет емес. Тек, ортақ мүлікке билік ету жөніндегі мәміле нотариалдық куәлаңдыруды немесе мемлекеттік тіркеуді қажет еткен жағдайда үлестік меншіктің басқа қатысушыларының оған келісімі нотариалдық тәртіпте расталынуы тиіс. Бірлескен меншікке билік ету бірлескен меншіктің барлық қатысушыларының келісімімен жүзеге асырылатындықтан, олардың кез келгені, басқа қатысушының ортақ мүлікпен байланысты мәміле жасауға ниетін біліп, оған қарсы сөз айтуға құқылы. Мұндай жағдайда мәміле жасалынбайды, ал жасалған болса, ол сот арқылы заңсыз деп танылады. Бірлескен меншікгің қатысушысы басқа қатысушы жасаған мәмілеге қарсы дау айтуға құқылы. Бірақ, мәміле жасаған қатысушыда қажетті өкілеттіктер болмаған себеітті, мәміле онътң басқа тарабының бұл жайында білгеңдігі немесе қалайда білуге тиіс екендігі далелденгенде ғана заңсыз деп танылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет