нысаны зат болып табылатын субъективтік азаматтық құқық. Заттық құқықты иеленуші тұлға оны қандай да бір іс-әрекетке, басқа міндетті тұлғалардың жәрдеміне жүгінбей-ақ, өз бетінше дербес жүзеге асырады. “Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі” бойынша, заттық құқықтарға мыналар жатады: меншік құқығы, жерді пайдалану құқығы, шаруашылықты жүргізу құқығы, мүлікті басқару құқығы[1]. Мүлікке заттық құқық осы мүліктің меншіктенушісі болып табылмайтын тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін. Затқа меншік құқығының басқа тұлғаға көшуі осы мүлікке өзгедей заттық құқықтың тоқтатылуы үшін негіз болмайды. Заттық құқықтарға, заңдарда өзгеше көзделмесе немесе Заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншік құқығы туралы нормалар қолданылады. Заттық құқық – абсолют құқық. Заттық құқық нақты міндетті адамдарға қарсы заңмен қорғалатын міндеттемелік құқықтан өзгеше түрде барлық және әрбір адамнан, яғни осы құқықты кез келген бұзушылардан қорғалады. Мұның мәнісі – нақты адамның заттық құқығына нұқсан келтіруден барша адам тежелуге міндетті, ал меншік иесінің өз кезегінде өзінің заттық құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіретін іс-әрекеттерді тоқтатуды, бұзылған құқықты табиғи түрде қалпына келтіруді, яғни өзінің иелігінен шығып кеткен затын қайтарып беруді барлық және әрбір адамнан талап етуге құқығы бар. Мұндай талаптар “заттық құқықтық талаптар” деп аталады. Шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, кооперативте, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер және заңды тұлғалардың бірлестіктері (қауымдасты, одақ) өз мүлкінің меншік иесі болып табылады. Мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар мүлікті шектеулі заттық құқықтар – оралымды басқару және шаруашлық жүргізу.негізнде иемденеді. Шаруашылық серіктестігінің меншік құқығы. Құрылтайшылардың (қатсушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойнша серіктестікке тиесілі болады. Шаруашылық серіктестігінің жарғы капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде интеллектуалыдқ қызмет нәтижесіне құқық, және басқа мүлік болуы мүмкін. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғы капиталына заттай формадағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісіміммен немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша ақша түрінде бағаланады