Емтихан сұрақтары Еңбек құқығының пәні және әдісі,қағидалары, қайнар көздері



бет16/31
Дата22.06.2020
өлшемі0,62 Mb.
#74241
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
Азаматтық құқық толық

Сенімхаттың жарамсыздығы

Сенімхаттың мерзімі. Сенімхат мерзімді мәміле, яғни шекті қолданыну мерзімі бар мәміле болып саналады. Сенімхаттың қолданылу мерзімі, әдетте, сенімхаттың өзінің мәтінінде көрсетіледі. Мұнда заң сенімхат берілетін ең үзақ шекті мерзімді үш жыл деп нақты көрсеткен. Егер сенімхатта неғүрлым үзақ мерзім көрсетілсе, ол түтас алғанда, сенімхаттың жарамдылығына ықпал етпегенімен, оның қолданылуын сенімхат берілген кезден бастап үш жыл мерзіммен шектейді.

Сенімхат мерзімді мәмілеге жатқанымен, оның мәтінінде қолданылу мерзімінің көрсетілмеуі оны жарамсыз етпейді, өйткені заңда, атап айтқанда, АК-ның 168-бабында осы жағдайды толықтыратыннормалар көзделген, олардың мазмұны мынаған саяды: егер сенімхатта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, онда мұндай сенімхат толтырылған күнінен бастап бір жыл мерзімге берілген деп есептеледі.

Сенімхаттың берілген күні міндепі түрде көрсетілуі тиіс және ол сенімхаттың жарамдылығы үшін маңызды болады. Сенімхаттың берілу күнінін; көрсетілмеуі оны жарамсыз етеді. Сенімхаттың шекті қолданылу мерзімінің көрсетілуі оның берілген күнін көрсету міндетін алмастырмайды және оның орнын толтыра алмайды. Бұл талаптың қарапайымдығына қарамастан, іс жүзінде берілген күні көрсетілмеген сенімхаттар берілетін және осыған байланысты кейін олар жарамсыз деп танылатын жағдайлар жиі кездеседі




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет