Емтихан сұрақтары Еңбек құқығының пәні және әдісі,қағидалары, қайнар көздері


Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны



бет17/31
Дата22.06.2020
өлшемі0,62 Mb.
#74241
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
Азаматтық құқық толық

Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны

Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы.

Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзінше дербес болады.

Меншік қатынастарын реттеуді әртүрлі құқықтық тәсілдермен жүзеге асыруға болады. Соған байланысты, сондай-ақ проблеманы зерттеу тұрғысынан алғанда меншік құқығы ұғымы көп мағыналы. Оны түсінудің екі қырына тоқталайық. Құқықтық институт ретінде меншік құқығы құқық нормаларының жиынтығы болып табылады, ол материалдық игіліктің белгілі бір адамға тиесілік жағдайын бекітеді, реттейді және қорғайды. Бұл жерде әңгіме объективтік мәндегі меншік құқығы туралы болып отыр. Заңдық биліктің белгілі бір мөлшерін меншік иесіне бекітіп беру субъективтік мәндегі меншік құқығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Меншік құқығы мүліктік, абсолюттік, заттық құқық болып заңға сәйкес белгіленеді, ол затқа тікелей ықпал ету мүмкіндігімен және иемдену, пайдалану және билік ету құқығының болуымен сипатталады. Қолдану және артықшылық құқығы меншік құқығына ілесе жүреді.

Меншік құқығы- негізгі заттық құқық. Заттық құқық құқықтың басқа да типтерімен тұрақты байланыста болады. Заттық құқық иесі, әдетте, міндеттемелік қатынастарға, оның ішінде өзінің меншік объектілерімен қатынасқа кіреді. Бұл жағдайда құқықтың екі түрі қатар жүреді, олар, негізінен, әртүрлі субъектілік байланыстармен анықталады. Мысалы, меншік иесі өзінің ғимаратын жалға берсе, онда оны жалдаушымен міндеттемелік қатынас байланыстырады. Ал, барлық қалған үшінші жаққа қатысты ол- тиісті қорғану тәсілі бар заттық құқық иесі. Сондықтан да әртүрлі құқықтарды немесе олардың бірлестігін аралас сипаттағы жаңа кешенді құқықпен араластыру жайында сөз болмауға тиіс. Біздің жағдайымызда әңгіме заттық және міндеттемелік құқықтан сапа жағынан өзгеше, жаңа құқық туындамайды, туындауы да мүмкін емес.

Меншік құқығының мазмұны. Меншік иесіне өз мүлкіне иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы берілген (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 1-бөлігі). Бұл құқықтар меншік құқығының мазмұнын анықтайды. Алғаш рет аталып отырған триада жеке құқығының орта ғасырлық коментаторларының еңбектерінде пайдаланылған, ал рим жеке құқығының өзі меншік иесі өкілеттіктерінің толық тізбесін білмеген. Ресей заңнамасында ол алғаш 1832 жылы пайда болды.

Иемдену құқығы мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заңмен қамтамасыз ету мүмкіндігін білдіреді. (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 2-бөлігі). Дағдылы түсінікте бұл өкілеттікке «ұстау» ұғымы басқалардан гөрі сәйкестеу келеді. Бұған қарағанда, дау туған жағдайда мүлік ұстаушы басқадай белгіленгенге дейін титулдық (заңды) меншіккер болып табылады. Бірақ, мынаны білу керек: меншік құқығы иемденумен де, тіптен сол кеездегі иелікпен де қатты байланысты емес. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін заң шығарушы иемдену құқығының құқықтық мәндік нышандарын таба алмады. Сондықтан, іс жүзінде «алып тастау принципіне» сүйенуге тура келеді- пайдалану және билік ету құқықтары қаитымайтындар иемдену құқығы болып табылады. Сонымен қатар иемденуде маңыздылық бар, сондықтан да ол қалған басқа құқықтардан (әсіресе міндеттемелік құқықтан) өзгеше. Басқа заттық құқықтықтарда иемдену өкілеттігі жалпы ереже бойынша да болмауы да мүмкін, ал меншік құқығында бұл, әдетте, міндетті элемент.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет