Емтихан сұрақтары Геохимияның зерттеу пәніне сипаттама беріңіз. Геохимия



бет15/21
Дата20.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#197935
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Геохимия емт.сұрақтары (1)

Магманың пайда болу себептері
Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, жер қыртысын немесе мантия қабатын құрайтын заттар
Магманың пайда болу себептері
термодинамикалық жағдайлардың (қысым және температура) өзгерістері нәтижесінде
белгілі бір аймақтарда периодты түрде әлсін-әлсін балқу әрекеттеріне ұшырап отырады.
Жер қойнауына тереңдеген сайын температура белгілі бір заңдылық бойынша, біртіндеп артып отыратындығы белгілі. Мысалы, 100 км-лік тереңдікте температура 1300—1500°С шамасына дейін көтеріледі. Осы жағдайда, егер қысымның шамасы атмосфералық қысымға тең келетін болса, тау жыныстары балқыған күйде болар еді. Бірақ, мұндай тереңдікте байқалатын қысымның шамасы тау жыныстарының балқу температурасынан әлдеқайда жоғары болғандықтан (мыңдаған мегапаскаль), олар балқыған күйге ауыса алмайды. Белгілі бір аудандарда тектоникалық ірі жарықтардың пайда болуына байланысты қысымның кенеттен күрт төмендеуі немесе басқа себептермен температураның жоғарылауы заттардың сұйық күйге ауысып, магмалық ошақтардың пайда болуына әкеледі. Әдетте, алғашқы (түпкі)
магмалық ошақтар жер қыртысының төменгі қабаттарында немесе жоғарғы мантияның
астеносфера қабатында астенолиттер түрінде құралады. Олар жер қыртысының жоғарғы
қабаттарына қарай көтеріліп, қайта қалыптасқан жағдайда аралық магмалық ошақтар пайда
болады. Сонымен, магматизм әректтёрі тектоникалық қозралыстармен тікелей байланыста
болып, геосинклиналдық аймақтарда жиі байқалады.
Жер қойнауында температураның жоғарылауы әр
түрлі физикалық-химиялық әрекеттермен байланысты түсіндіріледі: 1) радиоактивті элементтердің
ыдырауы, нәтижесінде бөлінетін жылу мөлшеріне;
2) гравитациялық жіктелу кезінде және т. б. Химиялық реакциялар кезінде бөлінетін жылуға байланыс
ты.
Магманың жоғарғы қабаттарда көтерілуі, гидростатикалық қысым күштерімен және тау жыныстарының (қатты күйден балқыған күйге ауысқан жағдайда) жалпы көлемінің ұлғаюымен байланысты деп
саналады.

  1. Метаморфизмнің геохимиясын сипаттаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет