Емтихан сұрақтары Геохимияның зерттеу пәніне сипаттама беріңіз. Геохимия



бет18/21
Дата20.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#197935
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Геохимия емт.сұрақтары (1)

1) Жеке минералдық түрлер
2) Минералдардағы изоморфты қосылыстар.
3) Биогендік түрі.
4) Сулы ерітінділер
5) Сұйық дисперсті орталы коллоидтар.
6) Техногендік қосындылар
7) Магмалық балқымалар.
8) Шашырау күйі.

  1. Жердегі элементтердің орналасу формаларын түсіндіріңіз.

Химиялық элементтердің жер қыртысындағы үлестерін анықтауға, олардың таралуындағы заңдылықтарды ашуда В.И. Вернадский, А.Е. Ферсман, А.П. Виноградов секілді академик ғалымдар, Америка геохимигі Ф.Кларк, Норвегияның ғалымы В. Гольдшмидт зор еңбек сіңірді.
Ф.Кларк американың ірі ғалымы, геохимик, тау жыныстарын талдап зерттеуде нәтижесінде жер қыртысының орташа құрамын есептеп шығарып, 1889 жылы химиялық элементтердің пайыздық үлесін көрсететін кесте жасады.
Жердің беткі тас қабатын (литосфера), су қабатын (гидросфера) және ауаны (атмосфера) қосып есептегендегі жалпы салмағы 2,2-2,5·1019 тоннаға тең деп есептеледі. Осы қабаттардағы химиялық элементтерді Вернадский бірнеше декадаға бөліп, пайыздық үлесін анықтаған (келтірілген кесте Ферсманның түзетулерімен толықтырылған) х). Бірінші декадағы үлесі 10%-тен асатын элементтер, екіншіде- 10%-тен 1% ке, үшіншіде үлес 1%-тен 0,1% ке дейін және т.с.с.орналасқан.
Сонымен барлық элементтердің жер қабаттарында орналасуы олардың меншікті салмақтарына байланысты екнін, демек ауырлары жердің астыңғы, ал жеңілдері үстіңгі қабаттарында көп кездесетінін білдік. Мысалы, атмосфера (ауа қабаты) жер бетінен биіктеген сайын сирей береді де, 500 километрде ауа қабаты бітеді. Ал ауадан кейінгі жеңіл нәрсе су (1,0 т/м3) жердің ең бетінде орналасқан. Одан төменгі қабаттың (жер қыртысы) меншікті салмағы кварцтың меншікті салмағына жақыны- 2,7–2,8 т/м3. жердің бет қабатын оттек (О), кремний (Si) және алю-миний (Al), дәлірек айтқанда олардың қосындылары- SiО2, Al2О3 алып жатқанын көреміз. Бірінші суреттен жер беті құрамын көз алдыңызға елестетуге болады.
Жердің төменгі қабаттарындағы ауыр элементтер мен қосылыстар құрайтын элементтің бірі- күкірт. Ол үшінші декадада орналасқан, яғни ол көп тараған элементтің бірі. Күкірттің ауыр элементтермен қосылысы өте мықты, тұрақты келеді. Мұндай күкірт қосылыстарын сульфидтердеп атайды. Жердің шамамен 1200 км тереңдігінде сульфидті қабат бар

  1. Ішкі миграция факторларын атаңыз.

Миграцияның негізгі ішкі факторлары ретінде атомның келесі қасиеттерін бөлуге болады: 1) гравитациялық;
2) байланыс қасиеті;
3) химиялық;
4) радиоактивті.

  1. Сыртқы миграция факторларын атаңыз.

Геохимиялық миграцияның сыртқы факторлары атомды қоршаған ортамен байланысты болады. Осы орталардың негізгілерін қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет