Ситуациялық есеп №7
23 жастағы әйел әйелдер кеңес үйіне жатыр ішілік контрацепт салдыруға келді. Келген кезінде шағымдары жоқ. Дәрігер қарап-тексергеннен кейін қынап тазалығына және онкоцитологияға жағынды алды. Және келесі күні таңертен жалпы қан анализін және зәр анализін тапсыруға жолдама берді. Анализ қорытындылары 3 күннен кейін дайын болды.
Жалпы қан анализі: эр-3,7х10 12, лейк – 7,8х109, түсті көрсеткіш – 0,85, тромбоцит-280х109, СОЭ -2мм/сағ, гемоглобин -125 г/л.
Зәр анализі: түсі – сабан сары, тұнықтылығы – мөлдір, ph – 5,5, белок-жоқ, эритроцит-0-0-1 к/а, лейкоцит 0-1-3 к/а, эпителиальды жасуша – 0-0-2 к/а, иісі – өткір емес.
Қынап жағындысы: лейкоцит – 0-1 к/а, жалпақ жасушалар +, Lactobac ++, шырыш-жоқ.
Дәрігер анализ қорытындыларына қарап жатыр ішілік контрацептті салдыруға рұқсат берді. Манипуляция барысында әйел ішінің төменгі бөлігіндегі бірден болған ауырсынудан айқайлап жіберді. Жыныс жолдарынан қанды бөлініс болды.
1) Сіздің ойыңызша қандай жағдай орын алды?
2) Жедел көрсетілетін көмек?
Достарыңызбен бөлісу: |