Ситуациялық есеп №3 28 жасар алғаш босанушы әйел перинатальды орталықта босанды. Ұл баланың салмағы 4500 гр болды. Нәрестенің жағдайы Апгар шкаласы бойынша 5 минутта бағалағанда 8-9 балл. Босанғаннан кейін әйелдің жыныс жолдарынан алқызыл түсті қанды бөлініс болды. Айнаман қарап тексергенде қынаптың шырышты және бұлшықетті қабаты зақымданғандығы анықталды.
1) Сіздің ойыңызша қынап зақымдалуының қандай дәрежесі?
2) Қандай қосымша тексерулер қажет?
Ситуациялық есеп №4 Көпсалалы аурухананың қабылдау бөліміне жедел жәрдем машинасының каталкасымен 4 жасар қыз металл қоршаудан құлағаннан кейін 1 сағат ішінде жеткізілді.