Сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексергенде (жалпы наркозбен): оң жақ үлкен жыныс ерінінде 3х3 см шамасында гематома, зәр шығару өзегіне жақын аймақта орналасқан, 1 см шырышты қабаттардың зақымдануы азғана қанды бөлініспен. Қыздық перде бүтін.
1) Сіздің ойыңызша бірінші кезекте жасалынатын іс-әрекет?
2) Қосымша қандай тексерулер қажет?
Ситуациялық есеп №5 21 жастағы әйел әйелдер кеңес үйіне шырышты-іріңді бөліністердің болуына, жыныс аймағының қышуына шағымданып келді.
Айнамен қарағанда: жатыр мойнының шырышты қабаты гиперемияланған, ісіңкі, нүкте тәрізді қан құйылулар бар. Жыныс жолдарынан бөліністер көп мөлшерде, шырышты-іріңді.
Бимануальды тексеруде: патологиялық түзілістер анықталмады.
1) Сіздің болжамалы диагнозыңыз?
2) Қандай тексеру тәсілдері қажет?