Ситуациялық есеп №9 Гинеколог қабылдауына 23 жасар пациент келді. Шағымдары: сыртқы жыныс мүшелеріндегі қышу, ашуға, көп мөлшердегі бөлініске, себебі белгісіз соңғы 6 ай ішінде саңырауқұлаққа қарсы әсері қысқа мерзімді жергілікті ем алған.
Анамнезінен: тұрмыс құрмаған, тұрақты жыныстық серіктесі бар. Контрацепция мақсатында тұрақты түрде регулон қабылдағанына 12 ай болған. Етеккір циклі бұзылмаған. Жиі тыныс алу жолдарының вирусты инфекциясынан, іш қатудан зардап шегеді.
Гинекологиялық тексеруде: Айнамен қарағанда уретра ісінбеген, қынап және жатыр мойны ақшыл-қызғылт түсті, бөліністер көп мөлшерде, сұр түсті, жағымсыз иіспен бірге.
Бимануальды тексеруде: жатыр ұлғаймаған, пальпацияда ауырсынусыз, жатыр қосалқылары екі жақтанда анықталмайды, күмбездері терең.
Уретра және жатыр мойны өзегінен алынған бактериоскопияда лейкоцит 6-10 к/а, коккты микрофлора, «кілттік» жасушалар анықталған.
1) Сіздің ойыңызша қандай патологиялық процесс?
2) Болжам диагнозыңыз?