конституциональды ерекшеліктері бар, астениялық белгілері, вегетативті және алиментарлы бұзылыстары, дәрі-дәрмектерді шектен тыс қабылдайтын, невроздар мен түрлі психикалық бұзылыстары бар адамдарда эндокринді сырқаттарды табандылықпен іздеу іске асады. Бұл жағдайды жүйесіз көптеген гормональды және аспаптық зерттеулерді жүргізу ушықтырады, мұндай науқастардың көпшілігінде, кейде негізгі сырқатпен патогенетикалық байланысы жоқ, клиникалық мағынасыз болмашы ауытқулар анықталады.
Гормональды зерттеу
Тек анамнез немесе клиникалық көріністі талқылау негізінде ғана эндокринді ауруға күмән туса, науқасқа сәйкес гормональды зерттеу тағайындалады, нәтижесінде диагноз расталады немесе жоққа шығарылады. Жоғарыда көрсетілгендей, көп жағдайда гормональды зерттеу басты емес, тек диагнозды растайтын маңызға ие болады. Бірқатар эндокринді сырқаттарда диагноз қою барысында гормональды зерттеу тіпті қолданылмайды (қантсыз және қантты диабет), ал кей жағдайларда гормональды зерттеу тек биохимиялық көрсеткіштер кешенімен бірге анықталса ғана диагностикалық маңызды деп есептеледі (гиперпаратиреоз кезінде қандағы кальций деңгейін анықтау). Гормональды зерттеу арқылы гормон өндірілуінің төмендегенін (бездің гипофункциясы) немесе жоғарылағанын (гиперфункция), болмаса қалыпты мөлшерде екенін анықтауға мүмкіндік береді (1.3 кесте).