Патогенез
|
Ауру
|
Гормонның жеткіліксіз бөлінуі
(эндокринді бездің гипофункциясы)
|
Гипотиреоз, қантты диабеттің 1 типі, гипокортицизм
|
Гормонның артық бөлінуі
(эндокринді бездің гиперфункциясы)
|
Грейвс ауруы, инсулинома, Кушинг синдромы
|
Эндокринді бездің дисфункциясы
(бір гормонның артық өндірілуі немесе екінші гормонның жеткіліксіз өндірілуі)
|
21-гидроксилаза тапшылығынан бүйрек үсті бездері қыртысының туа біткен дисфункциясы
|
Көптеген аномалиялар
(аталған бірнеше бұзылыстардың ұштасуы)
|
Макросоматотропинома кезінде гонадотропин өндірілуінің төмендеуі
|
Қызметі бұзылмай-ақ эндокринді бездердегі морфологиялық өзгерістер
|
Бүйрек үсті безінің гормональды-белсенді емес ісігі (инфиденталома), эутиреоидты жемсау
|
Аномальды гормон секрециясы*
|
Аномальды инсулиннің өндірілуі нәтижесінде дамитын қантты диабет
|
Гормондар әсеріне резистенттілік*
|
Псевдогипопаратиреоз, тиреоидты гормондарға резистенттілік
|
Гормондар тасымалы мен метаболизмінің аномалиялары**
|
Отбасылық дисальбуминемиялық гипотироксинемия
|
* Өте сирек, тіпті казуистикалық эндокринді аурулар
** Клиникалық маңызы жоқ зертханалық феномен
Гормондарды анықтаудың клиникалық тәжірибеде жиі қолданылатыны – радиоиммунды әдістің түрлі модификациясы, сонымен қатар соңғы он жылдықта кең көлемде радиоактивті емес әдістер, соның ішінде иммунохемилюминисцентті әдіс қолданылады. Бірқатар заттарды анықтайтын химиялық зерттеу әдістері де өз мағынасын жоғалтқан жоқ (жиі бұл гормондардың метаболиттері мен оның жолашарлары).
Эндокринді бездердің функционалдық жағдайын зерттеу мақсатында келесідей әдістемелерді қолданады:
• гормонның бастапқы (базальды) деңгейін анықтау;
•гормонның бөлінуінің циркадианды ырғағын ескере отырып, динамикада гормон деңгейін анықтау;
• функционалды сынақтарды орындау жағдайында гормондардың деңгейін анықтау;
• гормондар метаболиттерінің деңгейін анықтау.
Клиникалық тәжірибеде жиі гормондардың базальды деңгейі анықталады. Қалыпты жағдайда қан таңертең ашқарынға (сағат 8–9-да) алынады, алайда тағам қабылдау тәртібі көптеген гормондардың бөлінуіне ешқандай ықпал етпейді. Кейбір эндокринді бездердің (қалқанша безі, қалқанша маңы бездері) базальды деңгейін анықтау жеткілікті болады. ТТГ және тиреоидты гормондардың деңгейі тәулік ішінде сәл ғана ауытқиды және басқа гормондармен салыстырғанда ішкі, сыртқы түрткілерге төзімдірек келеді. Гормондардың базальды деңгейін анықтағанда сол гормонның қан арнасында бірнеше молекулярлы түрлерінің болуы айтарлықтай қиындықтар туғызады. Ең бірінші бұл мәселе паратгормонға байланысты (8 бөлімді қараңыз).
Бірқатар гормондар қанда тасымалдаушы-ақуыздармен байланысқан күйде кездеседі. Қалыпты жағдайда байланыспаған бос, биологиялық белсенді гормонның деңгейі жалпы гормон (байланыспаған+байланысқан) деңгейімен салыстырғанда он, жүз есе төмен болады. Көп жағдайда бос, байланыспаған гормон деңгейін анықтаудың айтарлықтай диагностикалық маңызы бар. Бұл, гормонның жалпы деңгейіне оның тасымалдаушы-ақуыз синтезінің кез-келген уақытта өзгеруі әсер етуімен байланысты. Сонымен қатар, кейбір арнайы жағдайларда және дәрілік заттарды тағайындау барысында гормондардың тасымалдаушы-ақуыздармен байланысуы өзгеруі мүмкін, ол өз кезегінде жалпы гормон деңгейін анықтау нәтижелеріне әсер етеді.
Бірқатар гормондардың деңгейіне тәуліктік динамика тән (циркадианды секреция ырғағы), бұл жағдайда жиі динамиканың клиникалық маңызы бар. Осы тұрғыда кортизол өндірілуінің динамикасы маңызды, әрі көрнект
Кортизол өндірілуінің циркадианды ырғағы
Сонымен қатар, мысал ретінде бөліну ырғағын «ұйқы-сергектік» жағдайында анықтауға болатын пролактин мен өсу гормонын келтіруге болады. Бірқатар эндокринді аурулардың патогенезінің негізінде гормон бөлінуінің тәуліктік ырғағының бұзылуы жатыр. Мысалы, Кушинг ауруы кезінде кортизол деңгейі таңертеңгі сағаттарда қалыпты мөлшерден ауытқымауы мүмкін, алайда кейін тәулік бойында оның физиологиялық төмендеуі байқалмай, нәтижесінде кортизолдың жалпы тәуліктік өндірілуі жоғарылап, ауыр патологияның дамуын туындатады.
Циркадты ырғақтан басқа, қандағы гормон деңгейіне көптеген биологиялық көрсеткіштер әсер етеді. Бірқатар гормондар үшін референтті көрсеткіштер жас шамасына байланысты өзгереді (1.2 сурет). Мысалы, өсу гормонының өндірілуі балалық шақта жоғары болып, жас өсе біртіндеп төмендейді. Жыныс гормондарының деңгейі, жыныстан басқа жас шамасына да байланысты екенін көрсетеді: жас есейген сайын ер адамдарда тестостерон мөлшері төмендесе, әйел адамдарда етеккір тоқтағаннан кейінгі кезеңде эстрадиол деңгейі азаяды. Әйел жыныс жүйесінің циклді сипатта қызмет етуі менструальды циклдің түрлі кезеңдерінде жыныс гормондарының да түрлі деңгейде болуын анықтайды. Осыған орай, репродуктивті жастағы әйел адамдардың жыныс гормондарының деңгейін анықтау етеккір циклінің белгіленген күндерінде жүзеге асырылады.
Ер адамдардағы тестостерон өндірілуінің жас шамасына байланысты динамикасы
Бірқатар гормондар деңгейі жүктілік кезінде өзгереді, бұл кезде жүктіліктің уақытына байланысты гормональды зерттеу нәтижелерін талдау қорытындылары бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленіп тұрады. Мысалы, жүктіліктің бірінші жартысында барлық әйелдерде тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейі 30%-ға төмендесе, хорионды гонадотропин (ХГ) мөлшері өте жоғарғы көрсеткіштерді көрсетеді. Гормондардың деңгейіне қосалқы соматикалық сырқаттардан басқа, қабылдап жүрген дәрілік заттар, стресс (кортизол, адреналин), экология (йод қабылдауы әртүрлі аймақтардаға тироксин деңгейі), зерттеу алдында қабылдаған тағам (С-пептид) және т.б. түрткілер әсер етеді. Жоғарыда көрсетілген түрткілерден басқа, гормональды зерттеу нәтижелерін талдау қорытындыларында қателік жібермеу үшін зерттеулерді нақты қатал көрсеткіштер бойынша орындау керек.
Гипофизге-тәуелді (қалқанша без, бүйрек үсті бездерінің қыртысы, гонадалар) және басқа да эндокринді бездердің қызметін бағалаудың басты қағидасы гормондардың диагностикалық жұптарын анықтау болып табылады. Көп жағдайда гормондардың өндірілуі кері теріс байланыс механизмімен реттеледі (1.3 сурет). Кері байланыс бір жүйеге жататын горондар арасында (кортизол мен АКТГ) және гормондар мен олардың биологиялық эффекторларының арасында орнауы мүмкін (паратгормон және кальций). Сонымен қатар, жұптарды құрайтын гормондар арасында тура байланыстың болуы міндетті емес. Кейде бұл басқа да гуморальды түрткілермен, электролиттер мен физиологиялық параметрлермен (бүйрек қанайналымының көлемі, ренин-альдостерон жұптары үшін калий мен ангиотензин деңгейі) түсіндіріледі. Жұптарды құрайтын гормондарды зерттеу көрсеткіштерін жеке дара бағалау қате қорытынды жасауға әкеледі.
Кері теріс байланыс түрі бойынша эндокринді бездердің қызметінің реттелу қағидалары
Гипофиздің тропты гормондары шеткері эндокринді бездер гормондарының бөлінуін ынталандырады. Бұл гормондар өз кезегінде шеткері тіндерде орналасқан рецепторларға ықпал етіп, биологиялық әсерін көрсетіп, тропты гормондар мен гипоталамустың рилизинг-гормондарының бөлінуін тежейді. Соңғысы, гипофиздің тропты гормондарының (кейде бірнеше гормондарды) өндірілуін ынталандыруды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, гипоталамус-гипофизарлы жүйе мен шеткері эндокринді бездердің арасында динамикалық тепе-теңдік қалыптасады.
Гипофизге тәуелді эндокринді бездердің қызметін диагностикалық жұптар бойынша бағалау стандартты түрде іске асырылады (1.4, 1.5 суреттер). Шеткері эндокринді бездердің қызметінің бұзылуы сол без патологиясына байланысты болғандықтан біріншілік деп аталады, ал егер гипофиз патологиясына байланысты болса, екіншілік болып табылады.
Бүйрек үсті бездері қызметінің бұзылуы кезінде актг және кортизол деңгейін зерттеу нәтижелерін талдау
Шеткері эндокринді бездердің біріншілік гипофункциясы (біріншілік гипотиреоз, гипокортицизм, гипогонадизм) кезінде қанда сол без гормонының деңгейі төмендеп, сәйкес гипофиздің тропты гормонының деңгейі (АКТГ, ТТГ, ФСГ) жоғарылайды. Сондықтан біріншілік гипогонадизмді кейде гипергонадотропты жағдай деп те атайды. Гипофизге-тәуелді эндокринді бездердің екіншілік гипофункциясы кезінде сол без гормоны деңгейінің төмендеуі сәйкес тропты гормон өндірілуінің азаюымен түсіндіріледі (екіншілік гипотиреоз, гипокортицизм, гипогонадизм). Шеткері эндокринді бездің гиперфункциясы кезінде (Грейвс ауруы, бүйрек үсті безінің кортикостеромасы) тропты гормондар деңгейінің (ТТГ, АКТГ) төмендеуі, сәйкес деңгейі жоғарылаған шеткері гормондардың (тироксин, кортизол) оны тежеуімен байланысты болады.
Қазіргі таңда гормональды сараптамалардың жетілуіне қарамастан, функциональды сынақтардың диагностикалық эндокринопатиядағы орны ерекше. Функциональды сынақтар ынталандырушы және тежеуші болып бөлінеді. Сынақтарды жүргізудің жалпы қағидасы ынталандырушы сынақтар эндокринді без қызметінің жеткіліксіздігіне күмәнданғанда, ал тежеуші сынақ бездің гиперфункциясына күмәнданғанда тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |