Байланысты: Эндокринді аурулармен сырқаттанған науқастарды зерттеу ерекшеліктері
Ынталандырушысынақтар кезінде ағзаға гормон өндірілуін ынталандыратын заттар енгізіледі, нәтижесінде без жеткіліксіздігі болмаған жағдайда гормон деңгейі белгіленген критикалық деңгейден жоғары болуы тиіс. Ынталандырушы сынақтарға, мысалы хорионды гонадотропинмен сынақ (біріншілік гипогонадизмге күмәнданғанда), гонадотропин-рилизинг-гормон туындыларымен сынақ (екіншілік гипогонадизмге күмәнданғанда), 1-24АКТГ-мен сынақ және инсулиндік гипогликемиямен сынақ (бүйрек үсті безі жеткіліксіздігіне күмәнданғанда) жатады.