Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК Эндокринді жүйе ауруларында мейіргерлік күтімді жоспарлау. Дайындаған:Алимарданова А.Б Қабылдаған:Битенова Т.Ә Топ:121м/і
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Эндокриндік жүйе бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі
Балалардағы қант диабеті және оның түрлері
Қалқанша без аурулары
Гипоталамус-гипофиздік аурулар
Бүйрекүсті бездің қыртысының іштен болатын дисфункциясы
Кіріспе:
Адам ағзасында көптеген процесстер тек жүйке жүйесінің қызметімен шектеліп қана қоймай,эндокринді жүйемен де қамтамасыз етіліп отырады. Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу гуморалды жолмен жүріп отырады. Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды ролді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Оладың қызметтерінің өнімі гормондар болып табылады.
Эндокриндік бездердің (гректің endon-ішкі, crineo-бөлемін) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа тамырларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар,әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге