Диффузды токсикалық зоб - шамадан тыс асқан психикалық жүктемелік жатады. Бұл ауру тұрмыс жағдайы нашар отбасыдағы балаларда жиі кездеседі. Балалар көбінесе аз шағымданады(бас ауруы,тұрақсыздық) Ата-анасы баласының сабақ үлгерімі нашарлап,жазуы бұзылып жүйкесі жұқарғанын айтады.
Этиологиясыәлі толық зерттелмеген. ДТЗ-тың маңызды себептерінің біріне ежелден шамадан асқан психикалық жүктеме жатады. Шынында да кесел кейде түрлі күшті толғаныс, қайғы, жүйке күйзелісінен бірнеше сағаттан кейін дамуы ықтимал.
Қазіргі тұжырым бойынша катехоламиндер арқылы жүйке күйзелістері аутоиммундық ауруларды тетіктерді іске тез қосып, кесел дамуына соқтырады.Этиологиялық мәнді рөл инфекциялық агенттерге де қатысты, көбнесе кесел алдында балада түрлі инфекциялық құбылыстар жедел ағымды респираторлық аурулар байқалады.
Инфекциялық агенттер тиреоциттерді жаралап, Т-хелперлердің тиреоидтық антигендерімен өзара қатынасына жағдай жасайды, сөйтіп аутоиммундық реакция бастауына әсер етеді деп санайды. Дегенмен, дертті құбылысты «қозғап» ең соңында ДТЗ дамуына тек сыртқы әсерлер мәні жеткіліксіз. Бұл үшін «даяр орта» генетикалық орайласқан тұқымқуалаушылық фон қажет.