Ауру туралы ең алғаш 1924 жылы жазған невропатолог Н.М.Циенко ол кесел себебіне гипоталамус бұзылысы қатысты деп санаған.
8 жылдан кейін канадалық нейрохирург Кушинг мәліметінде бұл аурудың гипофиздің базальді клеткаларымен байланысы бар екенін көрсеткен
Балаларда ауру дамуы алдында бас сүйегінің жарақаты, нейроинфекцилар, психикалық жүктемелер болуы мүмкін
Қазіргі кезде ИКА дамуына кортиколиберин түзетін гипоталамус ядролары бұзылысы саналады
Кеселдің дамуында елеулі үлес гипофиз аденомасына тиеді
ИКА патогенезінің негізінде АКТГ түзілісінің аса көбеюі жатады, осыдан бүйрекүсті безінің шоқты және торлы гиперплазиясы өрбиді
Осы жерлерде түзілген аса көп мөлшердегі кортизол мен андрогендердің әсері кеселдің көріністерін ерекшелейді
Осымен қатар гипотамус-гипофизарлық жүйенің гонадотроптық қабілеті бұзылады, СТГ мен гликемия деңгейі арасындағы қатынас өзгереді
Тексеріп қарағанда: көзге ерекше көрінетіні өзіндік сипаттағы семіздік: майдың көбнесе бет, VII мойын омыртқа, беттің ай жүзді толысуы, кеуденің жоғарғы тұсы, емшек, кіндік тұсына жиналып, ал аяғы салыстырғанда арық болады (бұлшықет атрофиясы негізінде). Иық, іш, сан, емшек тұстарында кең стриялар – атрофиялық жолақтар пайда болады. Тері кір түсті, фолликулярлық кертоз, бетте безеу, мойын, шынтақ, қолтық тұстарында гиперпигментация көрінеді. Қыздарда гипертрихоз пайда болып, емшек өсуі, етеккір уақыты кідіріп, клитор гипертрофиясы көрінеді. Балалардың өсуі тоқтап, сүйектену қарқыны тежеледі. Науқасты аяқ, омыртқа тұсындағы ауыру мазалайды, спонтанды сынықтар дамуы да сирек емес. Қан қысымы жоғары. Гипер Na, K-емия негізіндегі миокардтағы дистрофикалық құбылыстар, жүрек үнінің көмескілігі, тахикардия, ісінулер білінеді.