Эндокриндік жїйе


Эндокриндік бөлігінің құрылысы



бет24/30
Дата07.02.2022
өлшемі12,94 Mb.
#88620
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Р.Ж.Есимова ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІНІҢ ГИСТОЛОГИЯСЫ

Эндокриндік бөлігінің құрылысы. Ұйқы безінің эндокриндік бөлігінің құрылымдық-қызметтік бірлігі Лангерганс аралшығы (инсула) болып табылады. Ол ацинустардан борпылдақ талшықты дәнекер тінімен бөлектенген, гистологиялық препараттарда ол ашықтау болып келеді. Фенестрленген гемокапиллярлар орналасқан борпылдақ талшықты дәнекер тін қабаттарының арасында анықталатын инсулоциттер аралшықтарды құрайды. Бояуды қабылдауына орай инсулоциттерді А, В, Д, Д1 және РР деп жіктейді.
В – жасушалар немесе базофильді инсулоциттер негізгі бояуларды қабылдап, көк түске боялады. Олар аралшықтың барлық жасушаларының 75% түзейді. Жасушаларда ақуызтүзеуші органеллалар жақсы дамып жетілген, ал секреторлық түйіршіктерінің сыртында жалпақ ашық жиекше анықталады. В – жасушалар инсулинді өндіреді. Инсулин жасушалардың глюкозаны сіңіруін арттыру арқылы қанның құрамындағы қанттың мөлшерін төмендетеді. Бауырда инсулин глюкозадан гликогеннің түзелуін жоғарылатады. Инсулиннің аз өндірілуі нәтижесінде қант диабеті қалыптасады.
А - жасушалардың цитоплазмасында қышқыл бояуларды қабылдайтын өнім түйіршіктері болады. Барлық ациноциттердің 20-25% құрайды. Түйіршіктердің сыртында жіңішке ашық жиекше анықталады. Жасушалардың жақсы дамып жетілген ақуызтүзеуші аппараты бар. Олар глюкагон гормонын өндіреді. Бұл гормон инсулинге қарама-қарсы әсер көрсетеді. Атап айтсақ, ол бауырдағы гликогеннің ыдырауын белсендіру арқылы қанның құрамындағы глюкозаны көбейтеді.
Д – жасушалар барлық эндокриноциттердің 5% жуығын құрайды. Жасушаның цитоплазмасында орташа тығыздықты түйіршіктер анықталады. Ашық жиекшесі жоқ түйіршіктер соматостатин гормонынан тұрады. Ол А және В жасушалардың және ациноциттердің жұмысын тежейді. Сонымен қатар соматостатин әртүрлі жасушалардың митозын тежей алады.
Д1 - жасушалардың секреторлық түйіршіктерінің жіңішке ашық жиекшесі болады. Олар артериолалық қан қысымын төмендететін және панкреаттық сөлдің өндірілуін арттыратын вазоинтестинальды полипептидті (ВИП) бөледі.
РР – жасушалар аралшық эндокриноциттерінің жалпы санының 2-5% түзейді. Көбінесе олар Лангерганс аралшығының шетінде орналасады, кейде бездің экзокриндік бөлігінде кездеседі. Жасушаның құрамында пішіні, көлемі, тығыздығы әртүрлі өнім түйіршіктері болады. Жасушалар панкреаттық полипептид өндіреді, ол ұйқы безінің экзокриндік қызметін тежейді.
Жас балалардың ұйқы бездерінің аралшықтарында гастрин өндіретін G– жасушалар анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет