Эндокринология



бет105/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   435
Байланысты:
document

Жүктілік кезінде ГА-ны емдеу ерекшелігі тиреостатиктерді (плацентадан нашар өтуіне байланысты ПТУ беріледі) минимальды мөлшерде («тежеу» сызбасы бойынша) бос Т4 гормон мөлшерін қалыптыда немесе сәл жоғарылаған деңгейде ұстау мақсатында тағайындайды. Жүктілік мерзімі артқан сайын тиреостатик мөлшері төмендейді, 25–30 аптадан кейін препаратты қабылдау мүлдем тоқтатылады. Дегенмен, босанғаннан кейін науқастардың басым көпшілігінде (әдетте 3–6 айдан кейін) аурудың рецидиві дамиды.
Тиреостатикалық кризді емдеу қарқынды түрде үлкен мөлшерде тиреостатиктерді тағайындаумен сипатталады. Әрбір 6 сағат сайын 200–300 мг мөлшерде ПТУ беріледі, науқас өзі қабылдай алмаса-назогастральды зонд арқылы жіберіледі. Сонымен қатар β-адреноблокаторлар (пропранолол: тәулігіне 160–480 мг per os немесе көктамырға тамшылатып 2–5 мг/сағ), глюкокортикоидтар (гидрокортизон: 50–100 мг әрбір 4 сағ сайын немесе преднизолон (60 мг/тәу), дезинтоксикациялы терапия (физиологиялық ерітінді, 10 % глюкоза ерітіндісі) гемодинамика көрсеткіштерін бақылаумен тағайындалады. Тиреотоксикалық кризді емдеудің әсерлі әдісі плазмаферез болып табылады.


Болжамы
Дер кезінде ем жүргізілмеген жағдайда болжамы нашар, ол жүрекшелер фибрилляциясымен, жүрек жеткіліксіздігімен, арықтаумен (марантикалық тиреотоксикоз) анықталады. ҚБ қызметі қалыптасқан кезде тиреотоксикалық кардиомиопатия болжамы оңтайлы- науқастардың басым көпшілігінде кардиомегалияның регрессі дамып, синусты ырғақ қалыптасады. 12–18-айға созылған тиреостатикалық терапия курсынан кейін тиреотоксикоздің рецидив беру мүмкіндігі - науқастардың 70–75%.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет