Эпидемиологиясы Пальпация барысында жалпы популяцияның 5%-да анықталады, УДЗ бойынша түйінді жемсаудың халық арасында таралуы 50%-ға жетеді. Жас ұлғая таралу жиілігі арта бастайды; әйел адамдарда 5 есе немесе одан да артық. Пальпацияланатын жаңа түйінді анықтау жағдайлары жылына популяцияда шамамен 0,1%-ды құрайды. Түйінді жемсаудың құрылымда: коллоидты пролиферациялаушы жемсау — 85–90%, ҚД аденомалары — 5–8 %; қатерлі ісіктер — 1–5%.
Клиникалық көрінісі Басым жағдайларда болмайды. Ірі түйінді түзілістер кезінде мойындағы косметикалық ақауы, трахеяның жаншылуымен компрессиялы синдром дамуы мүмкін. Йод тапшы аймақтарда түйінді (көптүйінді) жемсау кезінде тиреотоксикоздың дамуымен ҚД-дің функциональды автономиясы қалыптасуы мүмкін.