Этиологиясы
|
Ұрықтың жүйке жүйесінің қалыптасу сатысында ана тиреоидты гормондарының тапшылығы
|
Патогенезі
|
Жүкті әйелде ауыр йод тапшылығы неврологяилық кретинизмнің дамуына әкеледі; жеңіл йод тапшылығы кезінде жүкті әйелде Т4 деңгейі қажетті көрсеткіштерге дейін жоғарыламауына (салыстырмалы гестационды гипотироксинемия) байланысты нәрестеде интеллектуалды дамуының төмендеу қаупі туады
|
Эпидемиологиясы
|
Әлемде шамамен 20 млн. адамда йод тапшылығы әсерінен ойлау қабілеті төмендеген
|
Басты клиникалық көріністері
|
Неврологиялық кретинизм: олигофрения, саңыраулық, қитарлық, спастикалық диплегия. Гипотиреоз дамымайды
|
Профилактикасы
|
Тағамға қолданылатын тұзды йодтау
|
Болжамы
|
Йод тапшылығы әсерінен дамыған неврологиялық және психикалық бұзылыстар қайтымсыз
|