Эндокринология



бет398/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   435
Байланысты:
document

Ісік секрециясының өнімі

Симптомдары

Серотонин, брадикинин, тахикининдер

Диарея, іш аймағында дамитын ұстама тәрізді ауыру сезімі, лоқсу, құсу.
Жайылған фиброз (эндокард, шажырқай, ретроперитонеальді шелмай).
Бронхоконстрикция

Гистамин, катехоламиндер, простагландиндер



Қызу толқындары, тахикардия, гипотензия, симпатоадреналды симптоматика

Ішек карционоиды кезіндегі карционоидты синдромның жайылған симптоматикасы ісіктің үрдістің соңғы сатысы мен бауырға метастащ беруіне сәйкес келеді. Біріншілік ісік көлемі, әдетте үлкен болмайды, ісік секрециялайтын өнімдер бауырға барып, толығымен инактивтеледі. Бауырдың кең көлемдегі ісік секрециясына күші жетпегенде, оның өнімдері жүйелік қанайналымға түсіп, карционоидты синдромның симптоматикасы сол кезде ғана жарыққа шыға бастайды. Міне, осылай ішектік карциноид кезінде бауырдың оң жақ бөлігінің зақымдалуы түсіндіріледі, яғни зақымдалған бауырдан қан төменгі қуыс көктамыр арқылы оң жақ жүрек бөліктеріне түседі. Ішектен тыс карционоидтың ішектік карциноидтан айырмашылығы ісіктік секреция өнімдері портальді жүйеге емес, жүйелік қанайналымға тікелей түседі. Сонымен, карционоидты синдром симптоматикасы бұл жағдайда радикальді операция мүмкін болғанда ісіктік үрдістің ерте сатыларында көрініс беруі мүмкін.




Эпидемиологиясы
Карциноидты ісіктің жаңа жағдайлар жиілігі жылына 1:100000 құрайды. Жіңішке ішек карциноидының орташа манифестациялау жасы 50–60 жас аралығында; әйел адамдар мен ер адамдарда бірдей жиілікте көрініс береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет