10.2.2. Көптеген эндокринді неоплазия синдромының 2-ші типі КЭН-2А (Сиппл синдромы) — қалқанша бездің медулярлы рагының, феохромоцитоманығ және гиперпаратиреоздың аутосомно-доминантты тұқым қуалаушылық түрде қосарласып дамуымен сипатталатын синдром. КЭН-2В синдромы кезінде аталған құрамдас бөліктеріне шырышты қабықтардың невриномасы, қаңқа бұлшықеттері мен сұйектерінің патологиясы (марфан тәрізді сырт әлпет), нейропатиялар қосылады (10.5 кесте).