Этиологиясы
|
Генетикалық иммундық бақылаудың іштен болатын ақауы Т-лимфоциттерді өз тироциттеріне қарсы итермелеуге әкелуі
|
Патогенезі
|
ҚБ лимфоидты инфильтрациясы мен ұлпасының фиброзды алмасуынан фолликулярлы эпителийдің бүлінуі және біртіндеп біріншілік гипотиреоз дамуы
|
Эпидемиологиясы
|
ТПО-АД тасымалдаушылықтың популяциядағы таралымы - 10%. Созылмалы АИТ жүре болған біріншілік гипотиреоздың ең жиі себебі болады
|
Басты клиникалық көріністері
|
Көп жағдайда болмайды. Салыстырмалы сирек – ҚБ үлкеюі (жемсау). Гипотиреоз дамыса - сәйкес симптоматиканың болуы
|
Диагностикасы
|
Диагностикалық критерийлер:
1.ТПО-АД деңгейінің жоғары болуы
2.УДЗ мәліметтері нәтижесінде Қб гипоэхогендігі
3.Біріншілік гипотиреоз
|
Салыстырмалы диагностикасы
|
Жайылмалы эутиреоидты (эндемиялық) жемсау. Кей жағдайларда созылмалы АИТ нәтижесінде дамыған тұрақты гипотиреоз бен АИТ-тың деструктивті түрлерінің транзиторлы кезеңімен (босанудан кейінгі, ауырсынусыз, цитокининдуцирлеген) ажырату керек
|
Емі
|
Гипотиреоз дамыса — L-T4-мен орынбасушы терапия
|
Болжамы
|
ТПО-АД эутиреоидты тасымалдаушы әйелдерде гипотиреоздың даму жиілігі жылына -2%; субклиникалық гипотиреоздан нақты гипотиреоздың даму жиілігі жылына - 4-5%
|