Клиникалық көрінісі Эутиреоидты кезең және субклиникалық гипотиреоз кезеңінде анықталмайды. Жеке, салыстырмалы сирек жағдайда, эутиреоидты кезеңде ҚБ түрлі дәрежеде көлемі үлкейеді (жемсау). Науқаста гипотиреоздың дамуына байланысты сәйкес симптомдар өршиді (3.6.1 бөлімді қараңыз).
Диагностикасы АИТ диагнозын қою критерийлері:
• қан айналымда ҚБ-ге қарсы денелер деңгейінің жоғарылауы (ТПО-ҚД анықтау ақпаратты);
• АИТ тән ультрадыбысты зерттеу белгілерін анықтау (ҚБ гипоэхогенділігі); (3.23 сурет)
• біріншілік гипотиреоз (субклиникалық немесе манифесті).
Жоғарыда көрсетілген критерийлердің біреуі болмаса АИТ дигнозы растамалмайды, себебі тиреоидты пероксидазаға қарсыдене деңгейінің жоғары болуы және УДЗ мәліметтері бойынша ҚБ гипоэхогенділігі АИТ диагнозын дәлелдемейді. Сондықтан, эутиреоидты кезеңде АИТ диагностикалау (гипотиреоз манифестациясына дейін) күрделі. Эутиреоз кезеңінде АИТ диагнозын қою тәжірибе жүзінде қажеттілікті тудырмайды, себебі емдеу шаралары (L-T4 орынбасушы терапия) науқасқа тек гипотиреоидты кезеңде ғана көрсетілген.